Понедельник, 24 сентября 2018 17:15

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар – елдің экономикалық өсімінің қоры Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

19 қыркүйек күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Қарағанды облыстық комитетінде халықты жаппай кәсіпкерлікке тарту (немесе өзін-өзі өнімді жұмыспен қамту) мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті.

Басты  мақсат

 Іс-шараға обком мүшелері, қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың, меморгандардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Негізгі баяндамашы ретінде ҚКХП Қарағанды ОК екінші хатшысы Анатолий Баранов сөз сөйледі.

-              Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы Жолдауы экономикалық және әлеуметтік саланы жақсартуға бағытталған нақты ұсыныстарға толы.  Солардың маңыздысы алғаш рет «экономикалық өсімнің қоры» деп аталған өзін-өзі жұмыспен қамтушылар туралы мәселе болып табылады, - деді баяндамашы.

Анатолий Владимировичтің сөзінше, қазіргі таңда Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтушылар саны 2,2 млн. адамды немесе жұмысқа қабілетті халықтың 28 % құрайды. Сондықтан Президент өзінің Жолдауында адамдарды өнімді жұмысқа, бұқаралық кәсіпкерлікке тартуға көбірек мүмкіндік ұсыну қажеттілігін атап өтті.

-              Халық коммунистері  өзін-өзі жұмыспен қамтушылар  төңірегінде бұл мәселе болып саналмаған кезден бері айтып келеді, - деп еске салды ол. – Партия ең алдымен биліктің өнімсіз жұмыс жасаушылар, яғни жұмыссыздар санатын анықтап, нақты есеп жүргізе бастауына қол жеткізді. Қазіргі кезде өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды жұмыспен қамту, оларға өз кәсіптерін ашуға немесе тұрақты жұмыс алуға жәрдемдесуге қатысты іс-шаралар қажеттілігі туралы шешім жоғары деңгейде қарастырылып жатыр. Тәжірибе жүзінде көптеген қиындықтар болады. Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар мәселесі басты мақсат болғандықтан, барлық атқарушы билік қол жеткізген нәтижелер бойынша есеп беруге тырысатын болады. Сондықтан жұмыспен қамту мәселесі үлкен сандар есебінің көлеңкесінде қалып қоймауы тиіс.

Жағдай жасау

Коммунистердің пікірінше, мақсат барлығын есеп алу, тіркеу, салық төлеткізу емес. Басты мақсат тұрақты табыс көзі жоқ адамдарды анықтау, оларға табыс табуға мүмкіндік беру.

-              Статистикалық комитеттің соңғы мәліметі бойынша, республикада 441 мың жұмыссыз адам тіркелген, ал өзін-өзі жұмыспен қамтушылар саны 2 миллион 176 мың адамды құрайды, - деп мәлімет келтірді А.Баранов. – Олардың ішінде өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтып отырғандар – 275 мың. Қалғандары өзін-өзі өнімді жұмыспен қамтушылар санатында, яғни белгілі бір дәрежеде өздерінің тұрақты табыстары барлар. Жеке қосалқы шаруашылықта 435 мың адам жұмыс жасайды, олар  күнкөріс шегінен жоғары табыс көреді. Ресми түрде оларда барлығы жақсы. Бірақ күнкөріс шегі дегеніміз не? Бүгінгі таңда ол 28850 теңгені құрайды. Шынтуайтында, бұл ақшаға ауылда да күн көру өте қиын. Сондықтан өзін-өзі өнімді жұмыспен қамтушылар арасында кедейшілік шегінде  жүргендердің үлесін анықтау қажет. Өздерінің жеке қосалқы шаруашылықтары арқасында күн көріп жүргендер қаншалықты көп екендігі назар аудартады.  Олар  өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың 658 мың адамын құрайды. 

Бұл санаттағы адамдарға тіркеу несімен көмектеседі? Оларға басқа салада сапалы жұмыс орындарын ұсынуға болады ма? Екіталай.  Басқаша амал жасау керек. Адамдар өздерінің жеке қосалқы шаруашылықтарында еңбек ету үшін жайлы жағдай жасау керек. Коммунистер несие ұсыну басты міндет емес деп санайды. Ең бастысы оларға өнім өткізуге және жем-шөп, тұқым, құрал-саймандар алуға жәрдемдесу. Яғни бастысы жеңілдікпен қамтамасыз ету емес, ешқандай монополиялық-делдалдық бағасыз қамту болып тұр.

-              Егер де біз жеке қосалқы шаруашылықтар үшін жағдай жасайтын болсақ, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар мәселесі де жойылады. Сондықтан мәселе стратегиялық мемлекеттік міндетте болып тұр.

Еңбек нарығын тиімділікпен қамту қажет, әрбір адам өз әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасау керек. Өнімді, нәтижелі еңбекке тарту үшін адамдарға көп мүмкіндіктер ұсыну қажет. Бұған қоса қазақстандықтар елдің кез келген аймағынан жедел түрде жаңа жұмыс табу мүмкіндігіне ие болуы тиіс. Бірыңғай электронды еңбек биржасын енгізу қажет. Бұл жерде бос жұмыс орны мен жұмыс іздеушілер туралы барлық ақпарат жиналуы тиіс. Бұл шаралардың барлығы Қазақстан экономикасының жаһандық бәсекелестігін арттыру мен дамудың заманауи тенденцияларына толыққанды сай келеді, - деп өз ойын білдірді обкомның екінші хатшысы.

 Қарағандыдағы жағдай

ҚКХП Қарағанды ОК екінші хатшысының баяндамасын «Қарағанды қ. Жұмыспен қамту орталығы» МКМ бөлімінің жетекшісі Айдос Естемесов толықтырды: 2018 жылдың 15 ақпанында Қазақстан Республикасы Еңбек және  халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен азаматтардың мәртебесін белгілеуді есепке алу мен мониторинг үшін «Әлеуметтік статус» бірыңғай базасы енгізілді. Жыл басында 76414 азамат бірыңғай міндетті медициналық сақтандырудан өтпеген, оның ішінде жыл басынан бері  16700 адамның статусы тіркелген, әлі де 69714 адам статусын анықтау қажет.  18.09.2018 ж. жағдай бойынша, Қарағанды қаласында 61768 адам тіркеуге алынған, қалғаны – 14647 адам. Олардың ішінде: міндетті зейнетақы салымдарсыз жұмыс істеушілер – 68 адам; студенттер – 21 адам; сыртқа шыққандар – 14067 адам; қайтыс болғандар – 1 адам; өзгелері – 490 адам.

Жұмыспен қамту бөлімі жетекшісінің сөзінше, 1367 адамның статусы анықталмаған, олардың 264 -і қысқа мерзімді оқумен қамтылған, 55 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген, жастар тәжірибесіне 42 адам жолдама алған, қоғамдық жұмыстарға 34 адам тартылған. Тұрақты жұмыспен 972 адам қамтылған. - Статусы анықталмаған адамдарды жұмыспен қамту күнделдікті бақылауға алынған, - деп түсіндірді Айдос Естемесов. 

 Сұрақтар мен ұсыныстар

Әлеуметтанушы Сергей Фролов қатысушылардың назарын ЖОО түлектері мен зейнеталды жастағы адамдарды жұмыспен қамту мәселесіне аудартты.

-              Зейнеталды жастағы адамдардың жағдайы түсінікті болар, ал жас түлектерді жұмыспен қамту мәселесі заманауи білім сапасының төмендігінен туындап тұр, - деп өз ойын ортаға салды ол. – Тәжірибелік қызметке кірісу үшін ЖОО түлектеріне білім деңгейі жетпей жатады.

Орталық Қазақстан академиясының қызметкері Қайрат Біржанов бұл пікірге қарсы шықты: «Барлығы түлектің өзіне байланысты. Шынымен оқу оқып, білім алғандар жұмысқа орналасып жатады!».

 «Үміт» мүгедектердің ерікті қоғамының жетекшісі Валентина Власова денсаулықтарына байланысты жұмыс істей алмайтын, бірақ мүгедек деген статусы жоқ адамдарды жұмыспен қамту мәселесіне тоқтала кетті.

Обкомның жастар ісі жөніндегі үшінші хатшысы Анатолий Чен Жұмыспен қамту орталығының бағдарламалары туралы студенттерді хабардар ету үшін еріктілер көмегін ұсынды.

 Барлық ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, алдағы уақытта ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Халық коммунистері» фракциясына жолданатын болады.

крг1крг1крг1крг1

Прочитано 36 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.