Вторник, 25 сентября 2018 10:22

Павлодарда студенттік жатақханаларда орын үлестіру жұмыстарына қоғамдық мониторинг жүргізілді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

 Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет департаменті қоғам өкілдерімен бірлесе отырып, студенттік жатақханаларда орын үлестіру жұмыстарына мониторинг жүргізді.

Мониторинг тобының мүшелері комиссия мүшелерін, құжаттарды қарастыру үдерісін және негіздеме мен реттілік бойынша шешім қабылдауды қарастырып, істің объективтілігі мен ашықтығын бақылады. Олар нормативті құжаттарды қолдану барысында комиссия жұмысына қиындықтар туғызатын қарама-қайшылықтарды анықтады. Сонымен қатар жатақханаларда заңсыз тұрып жатқандарды әшкерелеу мен студенттердің жатақханадағы тұрмыстық жағдайымен танысу үшін рейд жүргізілді. 

 Рейд барысында студенттердің айтуынша, жатақханадан орын алу мәселесі жоқ, жатақханаларда тұру және сабаққа дайындалу үшін  барлық жағдай жасалынған.

 Қазіргі таңда Павлодар облысының жоғары оқу орындарында  2052 орынға арналған 7 жатақхана, колледжерде 2516 орынға арналған 21 жатақхана  бар. Студенттік жатақханаға орналастыру және орын үлестіру  үдерісі студенттердің өтініштері мен медициналық тексерістің анықтамасы арқылы жүргізіледі.

Сонымен қатар қоғам өкілдерін ауылдық колледждердің студенттік жатақханаларында 350-ден астам бос орын қалғандығы алаңдатып отыр, ал аудандарда мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік сала жұмысшылары мен жас мамандар баспанаға зәру болып жүр. 

Облыстық арнайы мониторинг тобының мүшелері Мемлекет басшысының «Бес әлеуметтік бастамасында» жарияланған студенттердің тұрмыс жағдайын жақсартуға қатысты бастамасын бақылауда ұстауға және өз ұсыныстарын облыс басшылығына жіберуге ниетті.

павл11павл11

Прочитано 30 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.