Вторник, 25 сентября 2018 14:58

ЖАС КӨШБАСШЫЛАР Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

20 қыркүйек күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Алматы қалалық комитетінің кеңсесінде ҚКХП АҚК-нің кезектен тыс Vпленумы  өтті.

Күн тәртібінде 2018 жылдың қалған төрт айға арналған ҚКХП АҚК-ның жұмыс жоспарына түзету енгізу және қалалық комитеттің үшінші хатшысының кандидатурасын бекіту сұрақтары қарастырылды.

 Пленумды Алматы ҚК бірінші хатшысы, Алматы қ. Қоғамдық кеңес мүшесі Әлібек Шапенов ашты. Ол қатысушыларға қалалық комитеттің алдағы уақытқа арналған іс-шаралар жоспарын ұсынды. Жоспарда БЛКЖО-ның 100 жылдық мерейтойын атап өтуге арналған ауқымды жұмыс белгіленген. Алматылық коммунистер жұмыс жоспарын орындауға қабылдады.

Қалалық комитеттің екінші хатшысы Лейла Төлеуғалиева ҚКХП Алматы ҚК құрамындағы өзгерістерді мәлімдеді: үшінші хатшы Марианна Сафронованың жұмыстан шығуына байланысты, бос орынға Абзал Әуелбековтың кандидатурасы ұсынылды.

 Жас белсенді, қалалық комитет бөлімінің меңгерушісі партияда бес жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жаңа кандидатураны қалалық комитеттің мүшелері бірауыздан қолдады.

 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының қатары мен басшылық құрамының жастармен толығуы қуантарлық жағдай.

Рәзия ӘБДІҚАДЫРОВА

Прочитано 17 раз
Другие материалы в этой категории: « ДОСТЫҚ АВТОШЕРУІ КОММУНИСТЕР ЖАСЫЛ ҚАЛА ҮШІН »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.