Среда, 26 сентября 2018 15:36

Студенттік жатақхана салу мәселесі Павлодар облысының Қоғамдық кеңесінің бақылауында Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Павлодар облыстық комитетінің бірінші хатшысы Гаухар Нұғманова  «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық бөлімшесі  жанындағы   сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің кезекті отырысына қатысты. Басқосуда студенттерге арналған жатақханалар салу мәселесі қаралды.

Мемлекет басшысы өзінің «Бес әлеуметтік бастамасында» әлемдік стандарт бойынша білім беру жүйесін құру үшін студенттердің білім алу және тұрмыс жағдайына ерекше назар аудару қажет деген болатын.

Қазіргі таңда Павлодар облысының 4 мыңға жуық ЖОО мен колледж студенттері жатақханаға зәру. Осыған орай Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің, Еуразия Инновациялық университетінің, Павлодар көлік және байланыс колледжінің, Ақсу қара металлургия колледжінің және Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің студенттеріне арналып  жатақхана салынады.  Отырыста  қоғам өкілдерінің кейбір жатақханалардың құрылыс орындарына қарсы екені айтылды. Облыстық білім беру басқармасының, кәсіпкерлік, сауда және туризм, құрылыс пен ауыл шаруашылық саласының өкілдері мен жетекшілері тыңдалғаннан кейін, Қоғамдық кеңес мүшелері жатақхана құрылысы үшін оқу орындарына жақын учаскелер таңдалсын деген ұсыныс жасады.

IMG 1429 24 09 18 18 22

Прочитано 32 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.