Среда, 26 сентября 2018 15:43

Қарағанды облыстық комитеті жастармен жұмыс мәселесіне арналған дөңгелек үстел өткізді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

21 қыркүйек күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Қарағанды облыстық комитетінде «Қазақстан жастары: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қоғам қайраткерлері, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, БАҚ  және обком мүшелері қатысты.

Өкінішке орай, шақыртуымызға қарамастан, бірде бір меморгандардың, әсіресе жастар саясаты мен ішкі саясат басқармаларының өкілдері бүгінгі кездесуге келген жоқ, - деп айтты ҚКХП Қарағанды ОК бірінші хатшысы Александр Зевахин. – Біздің партия көтеріп отырған өзекті мәселелерді меморгандардың елемеу мәселесін облыс әкімі алдында көтеретін боламыз. Кейін А.Зевахин баяндама жасап, мемлекет үшін жастардың рөлін айқындап, олар экономикалық дамудың негізгі факторы екенін атап өтті. Баяндамашы кеңес заманында жастармен жұмыс жасаудың озық моделі болғанын еске салды. Мемлекет кеңес азаматтарын тәрбиелеуге көп назар аударатынын да атап өтті. Жастармен жұмыс жасау ісінде комсомолдың қосқан үлесі зор. Александр Михайловичтің сөзінше, қазіргі таңда Қазақстандағы жастар саясатында олқылықтардың бар екені сөзсіз. Сондықтан жағдайды қазірден бастап түзеу қажет.

Бірінші хатшы көтерген тақырыпты әрі қарай ҚКХП Қарағанды ОК үшінші хатшысы Анатолий Чен жалғастырды: - Ресми мәлімет бойынша, Қазақстандағы жастар саны шамамен бес миллион адам. Алайда осы күнге дейін елімізде жастар саясатының нақты мемлекеттік стратегиясы жоқ. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жастар саясаты жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар құрылу кезінде-ақ өздерінің өзектілігін жойған. Ондағы айтылатын түсініктер ресмиленген және жастар үшін жат. Қазіргі заман жылдам және икемді жауап қайтаруды талап етеді, өкінішке орай мұны біз шенеуніктерден көре алмадық. Жастар арасында дәстүрлі құндылықтар мен асыл мұраттарды насихаттау бойынша ақпараттық саясат нақты айқындалмаған. Қазақстандық БАҚ-тың жастарға арналған ақпараттық контенті әдетте жергілікті колоритке бейімделген шетелдік аналогтардың көшірмесі. Патриотттық мазмұндағы қазақстандық контент қызықсыз я болмаса сапасыз болып келеді. Сондықтан жастар батыстың бағдарламаларын, кино мен сериалдарын таңдауға бейім. Олар сол арқылы олардың құндылықтары мен ұстанымдарын қабылдайды, - деді ол.

Мемлекет басшысы жоғары білім жүйесін жетілдіру қажеттілігі мәселесін талай рет көтеріп, жаңа құзыретке ерекше көңіл аударуды, жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасау керектігін айтқан болатын. Анатолий Чен бұл бастаманың қарқынды даму таппағанын атап өтті.

2017 жылы Қазақстандағы жастар трендін зерттеу нәтижесі көрсеткендей, жастар өмірдің қарапайым сценариіне бейім, көп жағдайда олардың жұмысқа ынталары жоқ, бірақ ақша тапқылары келеді.

ҚКХП Қарағанды ОК  Жастар қанаты көшбасшысының пікірінше, білім алу ынтасын төмендетіп отырған тағы да бір фактор – сапасы төмен білім. Жас буын сапалы білім көзі ретінде шетелдік ЖОО-ды қарастырады.

Соңғы жылдары бұл үлкен мәселеге айналып отыр. Көрші мемлекеттер Қазақстанның абитуриенттері үшін жайлы жағдай жасап отыр. Сол арқылы өз елдеріне дарынды әрі қабілетті кадрларды тартады. Ел үшін бұл үлкен шығын, себебі шет елге білім алуға кеткен жастардың басым бөлігі елге қайтып оралмайды. Олар білім алған жерлерінде орнығып қалады.

 Анатолий Ченнің  пайымдауынша, мұның барлығы мемлекеттің жастармен нашар және тиянақсыз жұмысының салдарынан болып отыр. Оның сөзінше, жастарды тәрбиелеуге бағытталған көптеген іс-шаралардың қамту ауқымы аз, сондықтан олар тиімсіз. Жастардың басым бөлігі олар туралы білмей жатады.

Анатолий өзінің басынан өткен жағдайды мысалға келтірді.

Бірнеше жыл бұрын мен Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес құрамына кірдім. Бірақ сол кезден бері мені Кеңестің ешбір жиналысына шақырған емес. Отырыс жақын уақытта өтеді сол кезде міндетті түрде шақырту аласыз деген жауап аламын. Біз Жастар саясаты басқармасына да хат жаздық, мақсатымыз олардың атқаратын іс-шаралары туралы білу, бірақ ешқандай жауап жоқ.  Жастар ісі жөніндегі кеңес активінің жазғы лагері 2016 жылы бір рет  өтті. Ал Қарағанды облысы Жастар саясаты басқармасының сайты ұзақ уақыт бойы жаңартылмаған.

 Жастар қанаты көшбасшысының ұстанымын қатысушылардың басым бөлігі қолдады.

Барлық меморгандар іс-шараларды есеп үшін өткізеді, - деп өз пікірін білдірді ҚКХП Қарғанды ОК баспасөз хатшысы Лариса Чен. – Студенттерді адам санын көбейту үшін жиындарға жинайды, шынайы жұмыс жасап жүрген жастар ұйымдарымен жұмыс жүргізілмейді. Мысалы, бізге «Твой остров» шығармашылық бірлестігін құрған жастар келді. Олар кездесу ұйымдастырып отыру үшін орын сұраған, бірақ әрекеттері нәтиже бермеген. Себебі меморгандарға бұл қызық емес. «Kids TV» балалар мектебінің жағдайы да осындай. Энтузиастар шығармашыл балалардың басын қосып студия құрған. Олар фильмдер, сериалдар түсіреді, көп жағдайда монстрлар мен вампирлар туралы. Бірақ олар идеологиялық негізі бар қызықты әрі жаңашыл дүниелерді де жасай алады ғой. Алайда олар да меморганның қызығушылығына ие болып отырған жоқ. Сондықтан олар өз бетінше жұмыс жасап келеді.

Тап  осындай жағдай біздің футбол командамызға да қатысты! – деді «ҚКХП» МФК бас жаттықтырушысы Дмитрий Фролов. – Обком жанынан мини-футбол командасы құрылды, команда облыстық деңгейдегі турнирлардан жүлделі орындар алып жүр. Бірнеше жыл бойы біз қысқы уақытта дайындалатын зал сұрап табалдырық тоздырып жүрміз. Нәтиже жоқ.

Барлық пікір тыңдалған соң, дөңгелек үстел қатысушылары бірқатар ұсыныстар қабылдады. Олардың барлығы жергілікті атқарушы билік органдарына және ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Халық коммунистері» фракциясына жіберілетін болады.

ҚКХП Қарағанды ОК баспасөз қызметі

DSC 1316DSC 1316DSC 1316DSC 1316

Прочитано 43 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.