Среда, 26 сентября 2018 15:18

Павлодарда қоғамдық кеңестердің алғашқы форумы өтті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың 20 қыркүйегінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Павлодар облыстық департаментінің бастамасымен Қоғамдық кеңестердің форумы өткізілді. Оның басты мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, қызметтік этиканы сақтау, мемлекеттік қызмет сапасын арттыру жұмыстарын  жандандыруға бағытталған.

Форумға Қоғамдық кеңестің және арнайы мониторингтік топтың мүшесі ретінде ҚКХП Павлодар облыстық комитетінің бірінші хатшысы Гаухар Нұғманова қатысты.

Отырыс барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда қоғам мен мемлекеттің өзара ынтымақтастық мәселелері көтерілді. Азаматтық қоғам Департаменттің «Қоғамдық бақылау картасы», «Саналы ұрпақ», «Кәсіпкерлік пен инвестицияны қорғау» сияқты жобаларын іске асыруға белсене атсалысса, сыбайлас жемқорлық фактілерін азайту мүмкіндігі туар еді. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Павлодар облыстық департаментінің жетекшісі Әділбек Мұқашевтің айтуынша, облыстың қоғамдық кеңестерінің отырыстарында форумда көтерілген мәселелер мүлдем қарастырылмайды. Биылғы жылы қарастырылған 115 тақырыптың ішінде сыбайлас жемқорлыққа 3 отырыс,  этиканы сақтауға 1, мемлекеттік қызмет мәселесіне 8 отырыс арналған. Мәселенің өзектілігін ескерсек,  бұл аздық етеді.

Облыстық мәслихаттың хатшысы Бақыт Бексейтова форум қатысушыларының назарын жол құрылысы барысында жіберілетін заңсыз әрекеттерге аудартты.  Сонымен қатар ол  автокөлік жолдарының сапасына тікелей әсер ететін көлік құралдарының салмақты бақылау жүйесінен тыс жүруі, тиісті салмақ өлшемдерін сақтамау фактілерін атап өтті.

Осыған орай Б.Бексейтова қоғамдық кеңестерді аудандық мәслихаттармен бірлесе отырып, жол құрылысы саласында бақылау жүргізуге, отырыстарда оның нәтижелерін қарастыруға шақырды. 

Форум нәтижесі бойынша қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруға белсенді түрде ықпалдасу үшін азаматтық қоғамға арналған үндеу қабылдады.

IMG 1450 25 09 18 12 07

Прочитано 7 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.