Среда, 26 сентября 2018 16:21

ҚКХП жастары мен «Ақ жол» партиясы күш біріктірді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

26 қыркүйек күні ҚКХП Астана қалалық комитетінің кеңсесінде Қазақстан Коммунистік жастар одағының төрағасы Радмир Балсарин  мен Астана ҚК жауапты ұйымдастырушысы Ислам Сұңқар «Ақ жол» ҚДП-ның жастар саясаты және қоғаммен байланыс жөніндегі маманы Ерболат Нұрғалиевпен кездесу өткізді.

Кездесудің басты мақсаты астаналық коммунистердің ұйымдастыруымен 20 қыркүйек күні өткен «Қазақстан жастары: кеше, бүгін, ертең» атты дөңгелек үстел барысында талқыланған жастар мәселесін шешу төңірегінде бірлесе жұмыс атқару болды.

 Алдағы мақсат пікірталас барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру болып табылады. Екі жақ та  жастардың елдің саяси өміріне қызығушылығын арттыру мәселесін өзекті деп санап отыр.  Келіссөздер нәтижесінде жастарды елдің саяси өміріне тарту мақсатында бірлесе отырып «Сен саясатпен айналыспасаң, саясат сенімен айналысады» акциясын іске асыру шешімі қабылданды. Акция барысында студенттердің саяси және қоғам қайраткерлерімен бірқатар кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Бұл тұлғалар танымал саяси кітаптарды жас буынға жақын әрі түсінікті зияткерлік стэндап форматында талқылайтын болады.

f01c802a 0c43 42dc ada6 bc94ce00264df01c802a 0c43 42dc ada6 bc94ce00264df01c802a 0c43 42dc ada6 bc94ce00264df01c802a 0c43 42dc ada6 bc94ce00264d

Прочитано 36 раз
Другие материалы в этой категории: « «Кітап оқудың қажеті жоқ» Ардагерлерді ардақтады »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.