Среда, 26 сентября 2018 16:04

Қостанайлық коммунистер «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы еңбек нарығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Қостанай облыстық комитетінде  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы еңбек нарығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына облыстық мәслихат, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Ішкі саясат бөлімінің, Қостанай қаласы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен БАҚ өкілдері және саяси партиялардың мүшелері қатысты.

Қатысушылар Қостанай облысында білім беру және медицина саласында инновация мен сандық технологияларды енгізу бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Электронды еңбек биржасы жұмыс жасайды және еңбек нарығының тиімділігін арттыру мақсатында кадрларды қайта даярлау жұмыстары жүргізіледі. «Титан» ЖШС мен «СарыаркаАвтоПром» АҚ жұмыс кадрларымен қамту мәселесі де талқыланды. Бұл мекемелерге 20-дан астам жұмысшы мамандар қажет. Бұл кәсіпорындардағы кадр тапшылығы төмен жалақы және жұмыс берушінің қатал талаптарынан туындап отыр. 

ҚКХП Қостанай облыстық комитеті

20180924 16560820180924 16560820180924 16560820180924 16560820180924 16560820180924 16560820180924 16560820180924 165608

Прочитано 31 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.