Среда, 26 сентября 2018 17:02

Таразда жастар саясаты мәселесіне арналған қоғамдық пікірталас өтті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Жамбыл облыстық комитетінде «Қазақстан жастары: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында қоғамдық пікірталас өтті. Іс-шараға Тараз Ардагерлер кеңесінің мүшелері Шынтас Каипов  пен Төлепберген Сейтқадыров, «Ақ жол» ҚДП облыстық бөлімшесі төрағасының орынбасары Сисегүл Әбдісаттарова, облыстық жастар саясаты басқармасы бөлімінің басшысы Фархат Абраилов, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің жастар саясаты жөніндегі ректор орынбасары Арман Ұлтанбаев, «Болашақ» ҚБ төрағасы Жанна Қазбекова, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті мен Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің студенттері қатысты.

Отырыстың спикері, ҚКХП облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ж.Нұрәлиев Қазақстандағы жастар саны шамамен бес миллион адамды құрайтынын хабарлады. Алайда осы күнге дейін елімізде жастар саясатының нақты мемлекеттік стратегиясы жоқ екенін де айтты. Жастар арасында дәстүрлі құндылықтар мен асыл мұраттарды насихаттау бойынша ақпараттық саясат нақты айқындалмаған. Жастар саясатындағы олқылықтардың кесірінен жастардың мақсаттары мен мінез-құлық стереотиптері де өзгерген.

Әрине, билік әрекетсіз отырған жоқ. Облыстық жастар саясаты басқармасының өкілі Фархат Абдраиловтың айтуынша, аймақтағы жас азаматтар саны 240 мыңнан асады. Облыстық және аудандық деңгейде жұмыс топтары, жастармен жұмыс бойынша кеңестер құрылған, көптеген бағдарламалар іске асырылып жатыр, бірақ олар барлық жастарды қамти алмай отыр.  Сондықтан әкімдіктер қоғамдық ұйымдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе жұмыс жасауға тырысады.

ТарМУ жастар саясаты жөніндегі ректордың көмекшісі Арман Ұлтанбаев саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерді өскелең ұрпақпен жұмысты бірлесе атқаруға шақырды.

Пікірлатасқа қатысқан студенттер жастар саясатындағы нақты мәселелерді ашық айтып, оларды шешуге қатысты ойларымен бөлісті.

Отырыс соңында барлық қатысушылар бірлесе жұмыс атқару қажет деген ортақ пікірге тоқталды. 

Zh 1 7Zh 1 7Zh 1 7Zh 1 7Zh 1 7Zh 1 7Zh 1 7

Прочитано 10 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.