Понедельник, 01 октября 2018 15:39

ШҚО коммунистері Қарттар күніне арналған іс-шара өткізді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

28 қыркүйек күні ҚКХП  Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің кеңсесінде Қарттар күніне орай партия және еңбек ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

ҚКХП ШҚОБ екінші хатшысы С.Н. Михеев ардагерлерді  алдағы төл мерекелерімен құттықтады: - Шығыс Қазақстанның халық коммунистері партиясының атынан келе жатқан мерекелеріңізбен құттықтаймын. Сіздердің ел игілігі үшін атқарған ерен еңбектеріңіз бен азаматтық ұстанымдарыңызға   алғыс білдіреміз. Сіздердің жастардың бойында ұлтжандылық пен еңбекқорлықты, адалдық пен әділдікті тәрбиелеудегі еңбектеріңіз  мол.  Сіздерге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, қажымас қайрат тілейміз. Сіздердің азаматтық және қоғамдық белсенділіктеріңіз әлі де сарқылмайтынына кәміл сенеміз!

Кездесудің ресми бөлігі ақ дастархан басында қариялардың естелік әңгімелерімен жалғасты.  Олар әңгіме барысында қазіргі әлеуметтік мәселелерге қатысты ойларымен де бөлісті.

ҚКХП ШҚОБ баспасөз орталығы

22

Прочитано 12 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.