Пятница, 28 сентября 2018 14:27

Ақмола облысының комсомолдары БЛКЖО-ның 100 жылдығына арналған форум өткізді Избранное

Оцените материал
(1 Голосовать)

Ақмола облысы  Коммунистік жастар одағының ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан жастары: кеше, бүгін, ертең» тақырыбындағы дөңгелек үстелге 100 қатысушы қатысты.

Ақмола өңірінің КЖО көшбасшысы Мадина Қасымова өзінің алғы сөзінде өткен күннің жастары егеменді Қазақстанның заманауи негізін құрағанын хабарлады. Кейін іс-шара қатысушыларына баяндама оқылып,  БЛКЖО-ның ордендері  туралы таныстырылым жасалынды. 

Ш.Уәлиханов атындағы КМУ студенті Н.Смағұлов өзінің баяндамасын қазіргі жастар тақырыбына арнады. «Жұлдыз» қозғалысының көшбасшысы Д.Терза қазіргі кездегі жастар қозғалысы туралы баяндама жасады.  Жас ұрпаққа пионерлік балалық шақ пен комсомолдық жастық туралы Б.Мажитов пен Р.Балахонцева айтып берді. Олардың баяндамалары қатысушылар арасында үлкен қызығушылық туғызды.

Кездесу соңында М.Қасымова: «Мемлекет жастар үшін демеуші емес, өзін-өзі жетілдіруге жағдай жасаушы серіктес деген түсінік қалыптасуы тиіс. Жастар сапалы білім алып, оны тәжірибеде пайдалану арқылы жеке мақсатқа жетуге болатынын түсінуі қажет» деді.  

AQM1 6AQM1 6AQM1 6AQM1 6AQM1 6AQM1 6

Прочитано 39 раз
Другие материалы в этой категории: « Жолда абай болыңыздар! Қопа көлі туралы сөз »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.