Пятница, 28 сентября 2018 15:57

КОММУНИСТЕР ЖАСЫЛ ҚАЛА ҮШІН Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Алматының коммунистері  қаланың Бас ботаникалық бағының тағдырына алаңдаушылық білдіріп отыр. Оңтүстік астананың халық коммунистері ботаникалық бақ мәселесіне арналған барлық қоғамдық іс-шараларға қатысады.

21 қыркүйек күні ботаникалық бақта қоғам мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен бақта қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселелеріне арналған пресс-тур өтті. Іс-шараға ҚКХП Алматы қалалық комитетінің хатшысы Лейла Төлеуғалиева қатысты.

 Кездесу барысында «Болат Өтемұратов Қорының» директоры Марат Айтмағамбетов кеуіп қалған тоғандарды, сынған қоршауларды, бұзылған жолдарды көрсетіп, Бас ботаникалық бақтағы қайта жөндеу жұмыстары барысында Қордың тап болатын негізгі мәселелерін атап өтті. 

 «Бақтың жалпы аумағы – 103 гектар, негізгі мәселе – суаратын су тапшылығы. Қауіпсіздік мәселесі де өзектілігін жойған жоқ. Аумақтың жарты бөлігінде жарық жоқ. Вандализм әрекеттері де орын алып отыр, себебі видеобақылау жүйесі орнатылмаған», - деді Марат Айтмағамбетов.

 Өз сөзінде ҚКХП өкілі Лейла Төлеуғалиева былай деді: - Ботаникалық бақ бұл – біздің қаламыздың жасыл «өкпесі».  Бұл жерге   балалар, қарт адамдар, қала қонақтары келіп демалады. Бұл өте әсем жер, әртүрлі тұқымдас ағаштар өседі. Сондықтан қайта жөндеу жұмыстары барысында ағаштар ауқымын сақтап қалған жөн. Сонымен қатар ғылыми-зерттеу база жұмысын жандандыру қажет.

26 қыркүйек күні «Тұран» университетінің акт залында да осы мәселеге арналған қоғамдық тыңдаулар өтті. Бұл отырысқа ҚКХП АҚК бірінші хатшысы, Алматы қ. Қоғамдық кеңесінің мүшесі Әлібек Шапенов және ҚКХП АҚК аппарат жетекшісі Диана Төлебаева қатысты.

Іс-шара спикерлері ретінде «Верный капитал» топ компаниясының бас директоры және басқарушы серіктесі Ерлан Оспанов, «Болат Өтемұратов Қорының» директоры Марат Айтмағамбетов, Ботаника және фитоинтродукция интситутының директоры  Гүлнар Ситпаева,  Алматы қ. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының жетекшісі Әсет Масабаев пен Алматы қ. Қоғамдық кеңесінің мүшесі Марат Шибутов қатысты.

– Қоғамдық тыңдау барысында ботаникалық бақты жаңғыртудың концептуалды шешімдерінің үлгісі ұсынылды, –  деді А.Шапенов. – Қала билігі қоғам мүшелерінің пікіріне құлақ түрді. Үлгіде алматылықтардың бақ аумағында ерекше назарды талап ететін адамдарға жайлы жағдай жасау, субұрқақ орнату, тамақтанудың  экологиялық нүктелерін ұйымдастыру және адамдардың қажеттілігін өтейтін орындар жасау туралы ұсыныстары ескерілді.

А.Шапеновтың сөзінше, әкімдік ботаникалық бақты абаттандыруға ерекше көңіл бөледі: суару жүйесін сумен қамтамасыз ету, су тұндырғыштар мен тоғандарды жаңғырту, жасыл желек егу сонымен қатар жарықтандырудың жаңа жүйесін жасақтап, бақта бейнебақылау орнату мәселесі шешіледі.

Жаңғыртудың дизайн-жобасын ландшафт архитекторлар тобы мен Алматы мен Польша және Португалияның жасыл желекке қатысы бар сарапшылары сондай-ақ ҚР Ботаника және фитоинтродукция институтының жұмыс тобы әзірледі.  

– Қала тұрғындары мен қоғамдық кеңес мүшелері мақұлдаған тұжырымдама  эскиздік жобаға негіз болды. Жасыл қорды сақтау біздің қала және оның экологиясы үшін маңызды мәселе. Мұны билік, саяси партиялар, қоғам мүшелері бірлесіп шешуге тиіс. Өз тарапымыздан, біз, Алматының халық коммунистері алдағы уақытта да қалаға қатысты өзекті мәселелердің талқылануы мен шешілуіне атсалыса береміз, – деді  А.Шапенов.

Разия Әбдіқадырова

Прочитано 8 раз
Другие материалы в этой категории: « ЖАС КӨШБАСШЫЛАР ЖАСТАР – СТРАТЕГИЯЛЫҚ РЕСУРС »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.