Вторник, 02 октября 2018 17:49

ШҚО коммунистері билік өкілдерімен бірге аймақтағы жастар саясатын талқылады Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың 2 қазанында Өскеменде ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет агенттігінің ШҚО департамені ғимаратында халық коммунистері партиясының облыстық бөлімшесі «Қазақстан жастары – кеше, бүгін, ертең» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Отырыс аймақта мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға арналды.

Іс-шараға облыстық    ішкі саясат, білім беру, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының қызметкерлері мен  «Нұр Отан» партиясы  жастар қанатының, Плеханов атындағы Ресей университеті бөлімшесінің, А.Пушкин атындағы облыстық кітапхана өкілдері,  мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет агенттігі облыстық департаментінің қызметкерлері, саяси партиялар мен БАқ өкілдері қатысты.

Жиында ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің екінші хатшысы С.Н. Михеев баяндама жасады.

– Бұл жиын тарихи дата – БЛКЖО-ның 100 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып жатыр. Миллиондаған кеңес адамдарының басын біріктірген жастар ұйымы өзінің мұратына жетіп, мақсатын орындады. Бұл мемлекет үшін аса маңызды ұйым болды. Оның мүшелері Ұлы Отан соғысынан бастап кеңес дәуіріндегі барлық экономикалық жобалар мен алғашқы бесжылдықтарға, соғыстан кейін халық шаруашылығын қалпына келтіруге, тың және тыңайған жерлерді игеруге, БАМ құрылысына, солтүстіктегі мұнай мен газдың ел игілігіне берілуіне өлшеусіз үлес қосты.

Бұдан бөлек комсомолдықтар облыстық, республикалық, аймақтық жалпыхалықтық жобаларға, комсомолдық құрылыстарға, студенттік құрылыс отрядтарының жұмыстарына белсене араласты. Бұл жетістіктердің барлығы алдын ала жоспарланып, мемлекеттің қатысуымен жүзеге асатын. Қазір біз басқа

әлеуметтік-экономикалық және идеологиялық шартпен өмір сүріп жатырмыз.

Қоғам, оның ішінде жастар  мемлекеттен қолдау көрмейді. Салдарынан жастар саясатында идеологиялық тәрбие тұрғысынан алғанда кемшін тұстар көбейіп келеді. Халық коммунистері тек қанана жазғыруды, күстаналауды мақсат тұтпайды. Мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдар жастармен жұмыс істеуге тырысып-ақ жатыр. Алайда нәтиже көңіл көншітерлік деңгейде емес.

«Жас Отанның» аймақтық бөлімшесінде ҚКХП-ның жастар қанаты бар екенін білмейді. Кітапханалар қызметін ведомствалық талап шеңберінде ғана ұйымдастырады. Мұндай мысалдарды келтіре беруге болады, – деді коммунист.

Осыдан соң баяндамашы аймақтағы жастарға арналған жобалардың кемшіліктеріне тоқталды. 

– Бұған дейін  «Болашақ» бағдарламасы, үдемелі индустриалды-инновациалық даму, студенттердің отрядттарын жасақтау жайлы жиі айтылды. Қазір осы жобалардың барлығы ұмыт қалған. Бұларға қатысты нақты есеп жоқ.  Осыған орай Шығыс Қазақстан облысының халық коммунистері бүгінгі жиынның барлық қатысушыларына жастарға арналған жобаларды жүйелі және мақсатты түрде жүзеге асыруды ұсынады, – деді С. Михеев.

Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық және жастар ұйымдары өкілдерінің жастар саясатына қатысты есебі тыңдалды. Олар халық коммунистерінің пікірін қостап, аймақтық жастар саясатының түйіні тарқамаған мәселелері бар екенін және оны мемлекет кеңес кезіндегі тәсілдермен шешуге тиіс екенін  мойындады.

Баяндамашылар кеңес кезіндегі тәжірибені тұтас көшіріп алуға болмайтынын алға тартты. Жастарға қатысты жобаларды заман талабына қарай жүзеге асыру қажет деді олар.

Жиын қорытындысында қатысушылар бірауыздан жастар саясатын жүзеге асыруға жұмылып атсалысуға келісті. Бұдан кейін облыстық ішкі саясат басқармасы жастар ісі жөніндегі бөлімнің бас маманы Гүлназ Жотабаеваға ақпараттық штаб құру туралы ұсыныс жасады.

ҚКХП ШҚО ОК баспасөз қызметі

VKO2VKO2

Прочитано 24 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.