Среда, 03 октября 2018 18:55

Қарағандылық коммунистер жалғызбасты зейнеткерлерге құрмет көрсетті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қарағанды облысы Бұхар жырау ауданы Ғабиден Мұстафин атындағы ауылда қарттар күні ерекше аталып өтті. Бұл күн отбасылық үлгідегі қарттар үйін тосынсыйлар мен сыйлықтарға толтырды. Шараны жалғызбасты әжелер мен аталар үшін Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Қарағанды облыстық комитетінің жетекшілері мен белсенділері ұйымдастырды.

– Бізге бұған дейін де халық коммунистері келген, – деп қонақтарды таныстырды қарттар үйінің жауапты тұлғасы Надежда Алексеева. – Олар біздің тұрақты қонақтарымыз, олар бізге бүгінгідей үнемі сыйлықпен келеді.

Мейірімге зәру жандар келген қонақтарды ерекше ілтипатпен қарсы алды. Ал сыйлықтарға жас балаша қуанды. Қарағандылық коммунистер қарттарға

6 жәшік алма, 3 тәтті бәліш және әрқайсысына гүл шоқтарын сыйлады.

– Жыл сайын қарттар күнінде біз үлкендерді құттықтаймыз, – деді Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы Александр Зевахин. – Сіздер, аға буын өкілдері – біз үшін ақылдың кені, тарихтың өзісіздер.

Аталар мен әжелер қарағандылық халық коммунистерінің сөзі мен ісіне ерекше елжіреді. Олар алғыс ретінде жүрекжарды туындыларын оқып берді. Бұл күні көп алғыс айтылды. Қарттар үйінің тұрғындары қонақтарға шын жүректен бақыт пен табыс тіледі.

ҚКХП Қарағанды ОК баспасөз орталығы

IMG 20181003 WA0032IMG 20181003 WA0032IMG 20181003 WA0032IMG 20181003 WA0032IMG 20181003 WA0032IMG 20181003 WA0032IMG 20181003 WA0032IMG 20181003 WA0032IMG 20181003 WA0032IMG 20181003 WA0032

 

 

Прочитано 12 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.