Среда, 03 октября 2018 17:00

Ардагерлерді ардақтады Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың 1 қазанында ҚКХП Астана қалалық комитеті қарттар күніне орайластырып, партия ардагерлеріне мерекелік дастархан жайды.

Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы М.Әубәкіров құттықтау сөз сөйледі:

– Сіздерді маңызды мереке – қарттар күнімен құттықтағаныма қуаныштымын. Бұл өскелең ұрпаққа үлкендерге құрмет көрсету қажет екенін ұмыттырмайтын мереке. Осы күні біз сіздердің Отан алдындағы еңбектеріңізді еске алып, өздеріңізге алғыс айтамыз.

Ардагерлерді Астана қалалық комитетінің екінші хатшысы Н.Оразханов та құттықтады. Ол адамның ең басты байлығы ата-анасы екеніне назар аударып, партияның байлығы – коммунистік қозғалыстың ардагерлері дегенді айтты.

Қарттарды құттықтауға тәуелсіз Қазақстанда дүниеге келген жастар да атсалысты. Сұңқар Ислам комсомол атынан сөз сөйлеп былай деді:

– Мен сіздерге еңбектің, бірліктің, адалдықтың үлгісі болғандарыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Сіздер мемлекет мүддесі үшін тер төктіңіздер, бүгінгі мереке сіздердің ерен еңбектеріңіздің өтеуі.

Өз кезегінде ардагерлер қалалық комитет қызметкерлеріне алғыс білдірді. Ал астаналық коммунистер қонақтарға Мақсот Серғалиевтің кітабын сыйлады.

43015797 1988729861183722 8879439156099416064 n43015797 1988729861183722 8879439156099416064 n43015797 1988729861183722 8879439156099416064 n43015797 1988729861183722 8879439156099416064 n43015797 1988729861183722 8879439156099416064 n

Прочитано 18 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.