Четверг, 04 октября 2018 17:30

ҚКХП -ХАЛЫҚТЫҢ СҰРАҒЫНА ЖАУАП Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Астанада Қазақстан Коммунистік Халық партиясы ОК мен ОБРК-ның V біріккен пленумы өтті. Күн тәртібінің бірінші сұрағында «Халық коммунистері» парламенттік фракциясы көшбасшысының ауысуы қарастырылды. Партияны көп жылдар бойы басқарып келген Владислав Косарев өз еркімен барлық өкілеттілігінен бас тартты. Фракцияның жаңа басшысы болып Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров тағайындалды. Ол әріптестеріне   өз алғысын білдіріп, адал еңбек арқылы сенім үдесінен шығуға уәде берді.  

Бұдан кейін мәжілісмен, ҚКХП ОК Саясибюросының мүшесі Жамбыл Ахметбеков атқарылған жұмыс жөнінде есеп берді. 

- Мемлекет пен халықтың болашағына алаңдайтын барлық азаматтар елімізде болып жатқан өзгерістерге бей-жай қарай алмайды, - деді ол өз сөзінде.

Қазақстандық коммунистердің партиясы халықтық атауға бекерден бекер ие болып жүрген жоқ. Ахметбековтың айтуынша, өткен жылы ҚКХП елдегі барлық рефлормалар мен Мемлекет басшысының барлық бастамаларына белсене қатысқан. Мәжілісмен партияның ұйымдастыруымен өткен іс-шаралар: съезд, пленумдар, ҚКХП ОК Саясибюросының отырыстары бойынша есеп беріп шықты.  Есепте республика үшін өзектілігін жоймаған баға белгілеу, жоғары инфляция, ұстаздар мәселесі, азаматтарды жұмыспен қамту, ҰОС тарихын бұрмалау және т.б. тақырыптар бойынша өткен «дөңгелек үстелдер» туралы да айтылды. ОК бастамасымен әртүрлі акциялар ұйымдастырылды. Олардың арасында қоғам назарына ерекше ілінген «Әкімге сұрақ қой», «Мектепке жол», «Мамандықпен танысу», «Көктемгі шақырылым» сияқты іс-шараларды атап өтуге болады. Бұған қоса есептік мерзім ішінде 20 халықаралық кездесу өткен. 

- Біз Қазақстан Коммунистік Халық партиясының елдің қоғамдық-саяси өміріндегі күнделікті белсенділігінің артқандығын үлкен  сеніммен айта аламыз, - деді Ахметбеков. 

Сонымен қатар коммунист партия қайырымдылық жұмыстарды,тегін заңгерлік көмек көрсетуді, еңбек ұжымдарымен кездесулерді, меморгандармен ынтымақтастықты  жалғастырып келе жатқанын айтты.

- Біздің ойымызша, аймақтардағы мәселелермен жұмыс бағытындағы белсенділікті арттыру қажет, - деп    Ахметбеков өзінің облыстық және қалалық комитеттердегі әріптестеріне үндеу салды. – Біз азаматтар алдындағы өзіміздің жауапкершілік үлесімізді түсінуіміз керек, қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайының төмендеуіне қарсы тұруымыз қажет. ҚКХП-ның барлық ұстанымдары бұл - халық тарапынан қойылатын қоғамдық сауалдарға берілетін обьективті жауап.

Сөз соңында коммунист партияның қарқынын бәсеңдетуге болмайтынын, оның өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндіктері көп екенін атап өтті.

- Біз бөлімшелер мен өкілдіктердің аймақтық желісіне иеміз, медиялық ресурстарымыз да бар, интернет желісіндегі белсенділігіміз де жақсы, - деп мәлімдеді Ахметбеков. – Жеті депутат-коммунист бұл – билік құлақ асатын, сайлаушылар ден қоятын дауыс. Болашақта бұл дауыстың күшеюіне және ҚКХП беделінің артуына барлық алғышарттар бар.

Маргарита НИКИТИНА

ERA 6157ERA 6157ERA 6157ERA 6157ERA 6157

Прочитано 9 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.