Пятница, 05 октября 2018 11:30

Павлодар ОК жетекшісі қоғамдық кеңестердің тиімділігін арттырудағы жаңа тәсілдер тақырыбындағы семинар жұмысына қатысты Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2-3 қазан күндері Қостанайда «Қоғамдық кеңестер: олардың тиімділігін арттырудың жаңа тәсілдері» тақырыбында семинар өтті. Семинарды Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі  Азаматтық қоғам істері  комитетінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Ақпараттық-ресурстық орталық»   ұйымдастырды. 

Семинар жұмысына қоғамдық кеңестер мен Ақмола, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан, Қостанай облыстарының азаматтық альянс өкілдері қатысты. ҚКХП Павлодар облыстық комитетінің бірінші хатшысы Гаухар Нұғманова да семинар жұмысына қатысты.

Оқу-әдістемелік семинарды «Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ-ның  директоры Алтынай Көбеева, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл басқармасының жетекшісі Гүлбара Сұлтанова, «Қоғамдық кеңес» мекемесінің директоры Александр Братенков, Қазақстандағы франчайзинг ассоциациясының жетекшісі Бекнұр Кисиков  өткізді. 

Отырыс барысында қоғамдық кеңестер қызметінің халықаралық тәжірибесі, қоғамдық бақылаудың барлық формаларын тиімді пайдаланудың механизмдері және өзге де сұрақтар қарастырылды.

IMG 1834 04 10 18 13 22IMG 1834 04 10 18 13 22IMG 1834 04 10 18 13 22IMG 1834 04 10 18 13 22IMG 1834 04 10 18 13 22

Прочитано 17 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.