Пятница, 05 октября 2018 11:37

Жамбылдық коммунистер жалғыз басты зейнеткерді мерекемен құттықтады Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Жамбыл облыстық комитетінің бірінші хатшысы Жарылқасын Нұрәлиев пен партия белсенділері Қарттар күні мерекесі аясында 75 жастағы зейнеткер, еңбек ардагері Сырғаш Өтеқұлованың үйіне барып, мерекемен құттықтады.

Сырғаш апай көп жылдар бойы Шу ауданында ұстаздық еткен. Зейнеткерлікке шыққан соң балаларының қолына Тараз қаласына көшіп келген. Бірақ белгілі бір жағдайларға байланысты қазіргі кезде жалғыз тұрып жатыр.

Коммунистер Сырғаш апайға ұзақ ғұмыр мен мықты денсаулық тілеп, «Шапағат» жобасынан жылы киімдер мен азық-түлік себетін табыстады.

IMG 20181004 WA0004IMG 20181004 WA0004IMG 20181004 WA0004

Прочитано 11 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.