Суббота, 06 октября 2018 10:01

Алматылық коммунистер «Үміт» оңалту орталығының ұжымын Ұстаздар күнімен құттықтады Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Ұстаздар күні қарсаңында ҚКХП Алматы ОК белсенділері Көксу ауданындағы «Үміт» оңалту орталығы» ұжымының мерекелік іс-шарасына қатысты. 

Көксу ауданындағы Мәдениет үйі қызметкерлерінің концертінен кейін ҚКХП Алматы ОК бірінші хатшысы Сәуле Биғарова ұстаздар қауымын мерекемен құттықтады. Ол ұжым мен мекеме жетекшісіне ерекше балаларды оңалту мен тәрбиелеудегі еңбектері үшін алғыс білдірді. Сөз соңында коммунист ардагер ұстаздар мен білікті мұғалімдерге алғыс хаттарын табыстады.

Сонымен қатар орталықтың тәрбиеленушілеріне жарық шағылыстыратын салпыншақтар берілді. «Үміт» орталығының әкімшілігі халық коммунистерін орталықтың жабдықталуымен таныстырып,   алдағы жоспарларымен бөлісті.

ҚКХП Алматы ОК

AlmDenUch 15AlmDenUch 15AlmDenUch 15AlmDenUch 15AlmDenUch 15AlmDenUch 15AlmDenUch 15AlmDenUch 15AlmDenUch 15AlmDenUch 15AlmDenUch 15AlmDenUch 15AlmDenUch 15AlmDenUch 15AlmDenUch 15

Прочитано 41 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.