Пятница, 05 октября 2018 15:26

Атыраулық коммунистер ақсақалға құрмет көрсетті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Соңғы бірнеше онжылдықта әлем қоғамдастығы қарттар күнін атап өтіп жүр. Біздің облыста бұл бастама бір күнмен шектелмей, бір айға жалғасатын ауқымды шараға айналды.

Қарттар күнінде ҚКХП Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Е. Дәулетқазиев Индер ауданының құрметті азаматы, Индер аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Максим  Елеуовқа арнайы барды. Әңгіме барысында Максим Хасанұлы өткен күндерін еске алып, түрлі қызметтердегі тәжірибесімен бөлісті. Көп жылдар бойы Максим Елеуов аудандық спорт комитетінде жұмыс істеді. Индер аудандық комсомолының бірінші хатшысы, аудандық мәдениет бөлімінің жетекшісі, округ әкімі қызметтерін атқарды. Партия өкілдері ардагерге осы күнге дейінгі қажырлы еңбегі үшін алғыс айтты.

Максим Хасанұлына белсенділер естелік сыйлық табыс етіп, өткен туған күнімен құттықтады. Айта кетейік, 3 қазан күні ақсақал 81 жасқа толды.

AtirauDenPozh 9AtirauDenPozh 9AtirauDenPozh 9AtirauDenPozh 9AtirauDenPozh 9AtirauDenPozh 9AtirauDenPozh 9AtirauDenPozh 9AtirauDenPozh 9

Прочитано 49 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.