Мұғалімдер күнінде Астана қалалық комитетінің хатшылары М.Әубәкіров пен Н.Оразханов білім саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Олар Астана қаласындағы колледждер мен мектептердің мұғалімдеріне алғыс хат тапсырды. «Қазақстандықтардың жас буынын тәрбиелеу – мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілік. Сіздердің жұмыстарыңыз жастардың болашағына, яғни елдің болашағына ықпал етеді. Біз сіздерге алғыс білдіре отырып,
шын жүректен дендеріңізге саулық, кәсіби табыс, бақыт пен қуаныш тілейміз. Талантты, табысты шәкірттеріңіз көп болсын!» – деп жазылған құттықтау хатта.
Партия хатшылары ұстаздарға естелік сыйлық сыйлады.