Четверг, 04 октября 2018 10:20

Жаныңда жақтастарың бар болса, нәтиже де болады Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

«Жастар -  халықтың ең әлеуметтік белсенді тобы,  жаңа идеялардың объективті қозғаушы күші, қоғамның өмірлік күш-қуаты.  Жастар елдің болашағы ғана емес, ол оның қазіргі шағы», - деп пайымдайды ҚКХП Атырау ОК ҚКЖО көшбасшысы Максим Федотов.

-        Максим,  саясатқа неліктен қызығушылық таныта бастадың?

-        Саясат әлеуметтік үдерістерді басқарады. Ол қоғамдық өмірге тәртіп енгізе алады, яғни шиеленістерді шешіп, әлеуметтік қарама-қайшылықтарды азайтады. Маған саяси сала қызықты. Саясатпен айналысқым келеді. Бірақ басқарушы-шенеунік болуға тырыспаймын.

-        Нақтылап берсең.

-        Қоғам құрылысы жайлы әркімнің өз ойы бар. Бірақ көп ойлар белгілі бір шеңберде ғана қалып отырады.  Мемлекетте белгілі бір өзгерістер жасағысы келетіндер, оны жақсы жағына өзгерткісі келетіндер қозғалыстар мен партияларға бірігіп әрекет етеді.  Мен мүмкіндігімді қоғамдық қызметте сынап көргім келеді. Оған мүмкіндік те бар. ҚКХП партиясының мүшесі бола тұра, жаныңда қолдайтын адамдардың бар екенін біле тұра, бұл мүмкіндікті пайдаланып, әрекет ету керек.

-        ҚКХП Атырау ОК Жастар қанаты  өкілдерінің  алға қойған мақсаттары қандай?

-        Атырау облысы жас коммунистерінің қызметін құқық қорғау, экологиялық, мәдени-ағартушылық және саламатты өмір салтын насихаттаушы деп жіктеуге болады. Біздің жұмысымыздың бірден бір мақсаты – адамның рухани-физикалық жетілуі мен өз болмысын көрсете білу мүмкіндігі. Бұған өнерлі жастарды табу және қолдау, жас адамдардың бастамаларын қолдау, студенттік қозғалыстарға ықпалдасу, білім беру бағдарламалары арқылы жас буынды тәрбиелеу де жатады. Мұның барлығы жастардың әлеуметтік, мәдени және экономикалық  қызығушылықтарынсыз мүмкін емес.

-        Қазіргі таңда білімді жастар өте көп, бірақ олардың әлеуметтік қызығушылықтары, жауапкершіліктері аз, әркім өз бетінше жүр.

-        Сол себептен жастардың әлеуметтік және азаматтық белсенділіктерін арттыратын әдіс табу керек. Ол үшін танымал әлеуметтік желілердің платформаларын пайдалану қажет.

-        Бұл іске жұмылдыруға болатын адамдар санаты бар, бірақ олар шет қалып отырады.

-        Иә, ондай жастар бар. Біз мүгедекді, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынан айырылған жастарды, зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді, мигранттарды және әлеуметтік қауіпті жағдайда қалған жастарды толыққанды өмірге тарту мүмкіндіктерін құрастырып жатырмыз. Мүмкіндігімізше оларға көмектескіміз келеді, тегін заңгерлік көмек беріп, «Шапағат» жобасы арқылы барынша қолдауға тырысамыз.

 - Максим, өзің туралы айтып берсең.

- Мен 22 жастамын. Атырау қаласында қарапайым жұмысшылардың отбасында дүниеге келгем. 9 сыныпты тәмамдап, жұмыс істеуге кеттім. Ол кезде тарихты қатты ұнататынмын.  Қазба жұмыстарымен айналысуды армандадым. 7 сыныпта Атырау облысының Қызылқоған ауданына экпедицияға бардым. Содан кейін арманым археология болды. Өкінішке орай, біздің қалада археологиялық факультет болған жоқ, сондықтан заңгер мамандығын таңдадым.  Бірақ бұған өкінбеймін. Колледждегі ұстаздарыма алғыстан басқа айтарым жоқ.

 - Студенттік шағың несімен есте қалды?

- Колледжде әртүрлі тақырыпта пікірталастар жиі болатын. Белгілі бір тақырыпты талқыға салып, оны талдап, дәлелдеп, жоққа шығарып, ой жарыстыратынбыз. Бұл өз ойыңды дұрыс құрауды және қарсыласыңа дұрыс жеткізе білуді үйретті. Үш жылда көзқарасым қалыптасып, саясатқа деген қызығушылығым оянды.

 - Қазақстан Коммунистік Халық партиясына қалай келдің?

- ҚКХП Атырау аймағына кеңінен танымал. Обкомның ұйымдастыруымен өткен бір іс-шараға келдім. Тақырып қызықтырды, кейін басқа да талқылауларға келе бастадым. Бірінші хатшы Ерболат Ғұсманұлымен, комитет активімен таныстым. Бұл жерде білімді, адекватты, қарапайым, алдарында нақты мақсаттары бар  адамдар жұмыс істейді деген ой түйдім. Олардың мақсаттары маған түсінікті және жақын болды, сондықтан мен коммунист атануға бел будым. Колледжді тәмамдаған соң, мені Жастар қанатын басқаруға обкомға жұмысқа шақырды. Мұндай мүмкіндіктен бас тартуға еш себеп болған жоқ. Бұл жерде екі жылдан астам жұмыс істеп келемін.

 - Сенің ойыңша бұл продуктивті жұмыс пе?

- Өзіңіз ойлап көріңіз: 2017 жылы ҚКХП Жастар қанатының атыраулық белсенділері қалалық және облыстық деңгейдегі қырық шақты іс-шараға қатысты. «Шапағат» халықтық жобасы аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған он бес отбасыға көмек көрсетілді. Жұмыс әрі де жалғасуда. Жаныңда жақтастарың бар болса, нәтиже де болады, жұмыс та көңіліңнен шығады. 

Прочитано 36 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.