Понедельник, 08 октября 2018 17:12

Қопа көлі туралы сөз Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

6 қазан күні ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің бастамасымен «Қопа көлі туралы сөз» тақырыбында қоғамдық тыңдау өтті. Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты В.Б. Косарев, ғалымдар, қоғамдық бірлестіктер мен ҮЕҰ өкілдері, меморгандардың қызметкерлері мен журналистер қатысты.

Отырыс модераторы, ҚКХП Ақмола ОК хатшысы Бейсенбай Мәжитов іс-шараны Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауындағы сөздерден бастады: «Бай табиғатымыз бен мәдени әлеуетімізді пайдалану үшін сырттан келетін және ішкі туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлу қажет. Үкімет қысқа мерзімде салалық мемлекеттік бағдарлама қабылдауға тиіс».  

- Көкшетау өңірі әдемі ландшафтқа және бай тарихқа ие. Бұл оның туристік кластерге айналуына бірден бір себеп, - деді Б.Мәжитов.  Отырыс ұйымдастырушылар мен көл тағдырына бей-жай қарамайтын азаматтардың дайындаған таныстырылымын тамашалаумен басталды. ТШК мен жеке тасымалдаушы көліктерінің Қопа көліне нәжіс төгуі қатысушылардың ашуын тудырды. «Қазгидромет» мекемесінің маманы Радмила Әлиеваның айтуынша, су нысандарын бақылау ай сайын 47 көрсеткіш бойынша жүргізіледі, Қопа көлі ластанудың кешенді индексі бойынша «орташа деңгейде» болып саналады. Ауыр металлдардың мөлшері шектеулі шамада.

Кейбір қатысушылар бұл мәліметке күмән келтірді.

Ақмола облысы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілі Айнагүл Мусина көлдің түбін 0,5 метрден 2,8 метрге, кей жерде 6 метрге дейін батпақ басқан. Судың химиялық құрамы сілтілі, санитарлық жағдайы күннен күнге нашарлап барады. Баяндамашының айтуынша, көл көп жағдайда тұрмыстық жолмен ластанады, сондықтан ол жерде адамдардың шомылуы алаңдатады. А.Мусина көлді тазарту бойынша жүргізілетін жұмыстар тиімсіз екендігін, ол жерге химиялық және механикалық тазарту жұмыстары қажеттігін мәлімдеді

Табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы жетекшісінің орынбасары Көшекбай Біржекеев көлді кешенді тексеру және қорғау қажеттілігі туралы шешіммен толыққанды келісті. Ол жұмысқа қажетті барлық құжаттар бар екенін айтты. Басшы Қопа көлін батпақтан тазарту жұмыстарына 20 млрд. теңге қажет екенін мәлімдеді. Алайда Үкімет әлі қаржыландыру мәселесін шешкен жоқ. К.Біржекеев халық арасында да алдын-алу шараларын өткізу қажеттілігін айтты.

«Есіл бассейн инспекциясы» РМУ өкілдері де Қопа көлінің мәселесіне  қатысты ойларын ортаға салды. В.Соловьев пен М.Матвеева көл апаттық жағдайда екендігін мәлімдеді. Себебі күкіртті сутектің бөлінуі байқалып отыр. Тазарту жұмыстары басталмаса, кез келген уақытта экологиялық апат орын алуы ықтимал. Гидроинженер В.Соловьев алдымен көлді механикалық тазартудан өткізу керек, кейін оған балық жіберу керек екендігін айтты.

Финляндияда көлдердің тазартылуы мен олардың жағдайы туралы Фин су Форумының өкілі Евгений Лукашов айтып берді. Ол Қопа көлі бойынша бірлесе жұмыс атқаруға дайын екендігін мәлімдеді.

Астанадан келген халықаралық заңгер және қоғам қайраткері Марат Құрағанов та талқыға түскен тақырып жайлы пікірін білдірді.

«Астана-Су-Арнасының» технологы Фирюза Алдынгурованың Астана қаласындағы Талдыкөл көлін тазарту тәжірибесімен бөлісті. Технолог маманның ойын биология ғылымдарының докторы, профессор Күнсұлу Закария жалғастырды. Ол Талдыкөл көлінде кешенді технология: механикалық, химиялық және инженерлік-рекультивациялық тазарту қолданылғанын айтты.   

Экология департаментінің өкілі олардың «қолдары байлаулы» екенін жасырмады, ешбір шара қабылдамастан бақылау жүргізілетінін айтты.

Парламент депутаты Владислав Косарев отырысқа көл мәселесімен айналысулары тиіс алты мемлекеттік мекеме қатысып отырғанын, бірақ олар немқұрайлы жұмыс істейтінін айтты.

Қопа көлі мәселесіне қатысты ұсыныстарын ҮЕҰ жетекшілері мен қоғам қайраткерлері де ортаға салды.

Талқылау қорытындысы бойынша шешім қабылданды, ол  Көкшетау қаласы мен облыс жетекшілеріне жіберілетін болады.

AQM Kopa 7AQM Kopa 7AQM Kopa 7AQM Kopa 7AQM Kopa 7AQM Kopa 7AQM Kopa 7

Прочитано 18 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.