Понедельник, 08 октября 2018 17:35

ШҚО-ның халық коммунистері Шәкәрім атындағы мектептің ұжымын кәсіби мерекемен құттықтады Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Ұстаздар күні қарсаңында ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің қызметкерлері Өскемен қаласындағы  Шәкәрім атындағы №1 орта мектептің мерекелік іс-шарасына қатысты.

Шығыс Қазақстанның халық коммунистері педагогтар ұжымын мерекемен құттықтап, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы білім беру саласына көп назар аударатынын атап өтті. «Партия мектептер мен колледждерде болып жатқан үдерістерді бақылап, оқу үрдісі мен оқу бағдарламаларындағы жаңартуларды да назардан тыс қалдырмайды. Біз үшін ұстаздардың әлеуметтік жағдайы мен әлеуметтік тұрғыдан қорғалулары да маңызды. Біздің партия педагогтарға жақсы әлеуметтік жағдай жасауды, олардың еңбегін лайықты бағалауды үнемі қолдайды.

Отандық білім берудің сәтті жаңғыруы ұстаз еңбегінің тиімділігіне байланысты. Шығыс Қазақстанның халық коммунистері  аймақтың барлық педагогтарына өз алғысын білдіреді және ел игілігіне атқарып жатқан еңбектеріне сәттілік тілейді».

Мектептің ұстаздар қауымы мен директоры Әсел Ксембаева обком қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, мектеп ұжымы партия мен мектеп арасындағы серіктестік және достық қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын жеткізді.  Сонымен қатар басшы ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің мектеп қабырғасында білім алып жүрген әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға жасалынған көмегі үлкен қолдау екенін ерекше атап өтті.

Іс-шараның ресми бөлігінен соң оқушылардың ұстаздарға дайындаған шығармашылық концерті өтті.

ҚКХП ШҚОБ баспасөз орталығы

111111

Прочитано 24 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.