Среда, 10 октября 2018 14:36

Депутаттық сауал Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Бас Прокуроры

Қ.Н. Қожамжаровқа

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы

А.Ж. Шпекбаевқа

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

Ә.А. Смайыловқа

Депутаттық сауал

Құрметті  Қайрат Пернешұлы!

Құрметті Алик Жатқамбайұлы!

Құрметті Әлихан Асханұлы!

Соңғы жылдардағы құзыретті органдардың қызметіндегі стильдік өзгерістер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сәтті күрес, осының барлығы қоғамның көкейінде жүрген, әлі шешімін таппаған мәселелерге ден қоюды талап етеді.

Сізге сауал жолдауға Астана қаласы үлескерлерінің хаты себеп болды. «Номад строй ЭК» ЖШС-ның «Есіл ЭК» және «Future home» ТҚК құрылысына салушы үлескерлердің қаражаттарын жымқыру мен ұрлауға қатысы бар лауазымды тұлғалары бірнеше жыл бойы заңмен белгіленген жауапкершіліктен бас тартып жүр.  Мұның барлығы қоғам мен мемлекеттік органдардың көзінше жасалынып отырған жағдай.

Ұжымдық шағымда үлескерлердің кассаға қолма-қол салынған ақшалары мен несиелері «Астана финанс холдинг» микроқаржылық ұйым арқылы өткізілгендігі айтылған.   Бұл ұйымды «Номад строй ЭК» ЖШС жетекшісі үлескерлерді тәуелді ету мақсатында ашқан. 

Шағымда мысалдар келтірілген. Көптеген тыйымдар, сот орындаушылары мен салық органдарының тыйым салуына қарамастан (30 банктегі есеп-шоттарғаа 20-дан астам тыйым салынған), 2015 жылдың сәуірінде соттың шешімімен мемлекеттік сатып алудың алақол қатысушы болып танылған «Номад строй ЭК» ЖШС Астана қ. Құрылыс басқармасымен мемлекеттік бағдарлама бойынша әлеуметтік нысан құрылысының мемлекеттік сатып алу үрдісіне жіберілген және белсенді түрде қаржыландырылған. 

Бір келісім-шарт пен қосымша келісім бойынша ғана қаржыландыру соммасын ұлғайту және құрылыс мерзімін ұзарту үшін шамамен мемлекеттік бюджеттен 1,8 млрд. теңге жұмсалған. Ал көп қабатты үйлер сол қалпы салынбаған. Фирма жетекшісін соттағаннан кейін, бір жылдан соң құрылыс басқармасы сол нысандарға 1 миллиард теңгеге қайтадан тендер жариялаған.

Нәтижесінде «Номад строй ЭК» ЖШС жұмысшылар мен қызметкерлерге төленбеген жалақыны, 7 млрд. теңгеден астам несиелік қарызды есепке алмағанда, нақтыланған факті бойынша ғана мемлекетке және азаматтарға шығын келтірді. Бұл фирма астанада ғана емес, басқа да аймақтарда жұмыс жүргізген. Белгілі болғандай бұл үшін компанияның бір жетекшісі ғана  жауапкершілік тартты. Шағымданушыларда резонансты сұрақ туындап отыр: мұндай күрделі заңсыз әрекетті бір ғана адам жасай алды ма? Өкінішке орай, соттың Астана қ. Сарыарқа ауданының прокурорына құрылыс салушының  17 лауазымды тұлғаларын және 20 астам үлестес ЖШС-ның ақшалай қаражатты ұрлау мен жымқыруға қатыстылығын тексеру қажеттілігі туралы өтініші іске асырылмады.

Ел Конституциясы, басқа заңдар мен қатал ережелерге сай мемлекет алдында бір тиын қарызы бар азаматтар банктерде есеп-шот ашуға, несиге тауар алуға,  шетелге шығуға тыйым салынған.  Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың 5 қаңтардағы шешімі, Астана қ.  Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2017 жылғы 22 ақпандағы қаулысы бойынша «Номад строй ЭК» ЖШС-ның өсімпұлмен қоса есептегенде жарты миллиард теңгеден астам  салықтық қарызы бар.

Біздің ойымызша, бұл факті тиісті мемлекеттік органдарда қаралуы тиіс.  Мұның барлығы сот актілері мен өзге де құжаттарда белгіленген. Құзыретті органдар үлескерлердің шағымдарын тиянақты және кәсіби тұрғыдан қарастырып, заңға сәйкес айыпты тұлғаларға әділ жауапкершілік шара қолданады деген сенімдеміз.

Жауапты заңнамада белгіленген мерзім ішінде жазбаша беруіңізді сұраймыз.

Қосымша: 14-бетте

Құрметпен,

«Халық коммунистері» фракциясының мүшелері

Т. Сыздықов

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

В. Косарев

М. Магеррамов

И. Смирнова 

10.10.2018 ж. жарияланды

Прочитано 42 раз
Другие материалы в этой категории: « Депутаттық сауал

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.