Пятница, 12 октября 2018 15:16

Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы Куба елшісімен өткен кездесуге қатысты Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың 12 қазанында «Қазақстан-Куба» достығы мен мәдениеті  ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Куба еліне арналған іс-шара өткізді.

Кездесуге Куба Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Эмилио Певида Пупо, Венесуэла Боливариандық Республикасының Уақытша Сенімді өкілі Энрике Антонио Акунья Мендоза, «Қазақстан-Куба» достығы мен мәдениеті ассоциациясының төрағасы, ҚКХП Астана ҚК Ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркін Сарекенов, ҚКХП Астана ҚК бірінші хатшысы Марат Әубәкіров, ҚКЖО төрағасы Радмир Балсарин, Ардагерлер кеңесінің мүшелері, студенттер мен оқытушылар, мектеп оқушылары  қатысты. 

 Ең алдымен Эмилио Пупо студенттер мен оқушылар арасында викторина өткізді. Викторинада Кубаның орналасқан жері мен оның тарихына қатысты сұрақтар қойылды. Е.Сарекенов Қазақстан мен Куба арасындағы достық тарихы туралы баяндама оқыды. Ал М.Әубәкіров американдық монополиялардың езгісіне қарсы революция жылдарында жарты әлем «Viva Cuba!» деп ұрандатқан кезді еске түсірді. «Біз барлығымыз Кубаны қолдадық. Біз үшін олар шынайы еркіндік пен патриотизмнің үлгісі болды», - деп қорытындылады ол. Сонымен қатар бірінші хатшы барлық Куба халқын және елші мырзаны Кубамен ынтымақтастық жөніндегі актімен құттықтады.

Акунья Мендоза Куба мен Венесуэла арасындағы бауырластықтың тарихын баяндап берді. Мектеп оқушылары қонақтар алдында өз өнерлерін көрсетті.

Өзінің қорытынды сөзінде Эмилио Пупо ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, қазақы қонақжайлықты ерекше атап өтті. Сонымен қатар ол екі ел арасындағы достықтың әрі қарай дамуына үлкен сенім білдірді.

Kuba Astana 1Kuba Astana 1Kuba Astana 1Kuba Astana 1Kuba Astana 1Kuba Astana 1Kuba Astana 1Kuba Astana 1

Прочитано 41 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.