Понедельник, 15 октября 2018 15:49

Әулиеата жұртшылығы Шерхан Мұртазамен қоштасты Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП облыстық комитеттің хатшылары Ж.Нұрәлиев пен Ж.Бастаубаеваның басшылығымен Жамбыл облыстық комитетінің белсенділері қазақ әдебиетінің классигі, Жамбыл облысының құрметті азаматы Шерхан Мұртазаның қайтыс болуына байланысты қаралы митингке қатысып, Тараз қаласындағы «Ерлік» мемориалды кешеніне гүл шоқтарын қойды.

Қаралы митингке саяси партиялардың,қоғамдық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, меморгандардың, ардагерлер ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, студенттер мен оқушылар қатысты.

Шараға қатысушылар жазушының қазақ журналистикасы мен әдебиетіне  сіңірген еңбегі мен ұлт мүддесі үшін атқарған қызметі туралы айтып өтті.  

Көпшілікті классиктің есте қалған мына бір сөздері таң қалдырды: «Парижде болдым – Париж түсіме кірмеді. Баяғыда Мәскеуде бес жыл оқыдым – оны да түсімде көрмедім. Түсіме күн сайын Мыңбұлақ кіреді...». 

ZhPam 3ZhPam 3ZhPam 3

Прочитано 26 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.