Вторник, 16 октября 2018 10:37

Партиялық хатшы туралы естелік Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қаратау Қазақстанның заманауи және әдемі шағын қалаларының бірі болып саналады. Кеңестік заманда қала халқы 50 мың адамды құраған. Шаһарды қазақтар, орыстар, украиндықтар, немістер, гректер, өзбектер, күрдтер, белорустар мекен еткен. Олардың басым бөлігі химиялық алпауыт «Қаратау» ТКӨ-да жұмыс істеген.

Қаратау республика қалалары арасында бірнеше рет социалистік жарыстардың жеңімпазы атанған. Сан мәрте Қазақстан компартиясы ОК-нің, Жоғарғы Кеңес және Республикалық Министрлер Кеңесінің ауыспалы Қызыл  Туымен марапатталған.

Қала тұрғындары қалалық партұйымды жиырма жылдан астам басқарған Қаратау қалалық комитетінің бірінші хатшысы Петр Иванович Качесовты құрмет тұтады. Петр Иванович  - көңілі кең, ниеті адал,  жігерлі, еңбекқор адам болған, қала мен қала тұрғындарының өсіп-өркендеуіне көп үлес қосқан.    Қаланың әрбір тұрғыны бұл азаматты көргенде амандық сұрасып, құрмет көрсетіп отырған. Қаратаулықтар арасында Петр Качесов үлкен құрметке пен абыройға ие  адам болған.

Қазіргі партиялықтар да П.Качесов туралы естеліктерді  ұмыт қалдырмайды. ҚКХП Жамбыл облыстық комитетінің хатшылары Жарылқасын Нұрәлиев пен Жанат Бастаубаева  Қаратау қаласына ат басын тірегенде Петр Ивановичтің қабір басына барып, гүл шоқтарын қойды.

20181012 130830

Прочитано 20 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.