Вторник, 16 октября 2018 13:35

Комсомол мәңгі жас! Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

12 қазан күні ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитеті ОК Жастар қанаты активінің, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Комсомол мәңгілік жас!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Тарихта Лениндік комсомол сияқты қуатты жастар қозғалысының басқа үлгісі жоқ. Ондаған жылдар бойы комсомол көптеген жас ұрпақ үшін өмір мектебі болды.

 Қазақстанның Комсомолы өз бастауын ХХ ғасырдың 20 жылдарынан алады. Алғашқы комсомолдықтар бастауыш ұйымдар құрып, жастарды «кеңестік мемлекет құрылысына белсене» қатысуға үгіттей бастады.

1920 жылдың 9 маусымында РКЖС ОК Қырғыз (Қазақ) бюросын құрды, бір жылдан соң Қазақстан комсомолдарының съезінде республиканың жастар бастауыш ұйымдарының  бірігуі болды. Ғани Мұратбаев, Мирасбек Төлепов комсомолдықтардың көшбасшылары атанды. 1924 жылы комсомолдық ұйымдағы қазақтардың саны 6 есеге артты. 1925 жылы Қазақстанда комсомолдың өлкелік комитеті құрылды, оның басшылығымен пионерлік қозғалыс қарқын ала бастады.

Комсомолдық бастауыш ұйымдар Қазақ Автономиялы Кеңестік социалистік республикасы (ҚазАКСР) жастары өмірінің орталығына айналды. Партияның басшылығымен қазақ жастары мәдени өрлеуге араласып, ауыл мен қыстақтарда Кеңес үкіметін құруға көмектесті, үлкендер арасында сауатсыздықты жоюға атсалысты, «қызыл бұрыштар» мен «қызыл киіз үйлер», клубтар мен көшпелі театрлар ашты.

Комсомолдың жарқын дәстүрі жоғалған жоқ. ҚКХП өзінің құрылған күнінен бастап өз қатарына жастарды тартуға, өзінің жастар ұйымын құруға ерекше назар аударды.

Жылдар бойы ауқымды жұмыс атқарылды. Оңай болған жоқ, бірақ ҚКХП көздеген мақсатқа жетті, партияға жастар келе бастады. Аймақтық бөлімшелерде жастар ұйымдары жұмыс істей бастады, олар аға буын өкілдерімен қатар облыстық және қалалық комитеттердің жұмысына өздерінің өлшеусіз үлесін қосты.

Қазіргі таңда ҚКХП-да Комсомолдың жарқын дәстүрін жаңғыртатын жастар қанаты - Қазақстан Коммунистік жастар ұйымы жұмыс істейді.

Жас коммунистер партияның өміріне белсене араласады – барлық үгіт-насихат шараларына қатысады, өздерінің шығармашылық бастамаларын көрсетіп, ауқымды акциялар өткізеді.

Іс-шара соңында белсенді комсомолдықтарға БЛКЖО-ның 100 жылдығына орай сыйлықтар табысталды.

VechMolodKoms 9VechMolodKoms 9VechMolodKoms 9VechMolodKoms 9VechMolodKoms 9

Прочитано 42 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.