Вторник, 16 октября 2018 11:37

«Төртінші өнеркәсіптік революция - Қазақстан дамуының жаңа кезеңі» Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың 5 қазанында Ы.Жақаев атындағы ҒЗИ ғимаратында ҚКХП Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Төртінші өнеркәсіптік революция - Қазақстан дамуының жаңа кезеңі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Бүгінде әлемдік қауымдастық төр¬тінші өнеркәсіптік революция туын¬датқан қарқынды технологиялық, эко¬но¬микалық және әлеуметтік өзгеріс¬терге қадам басты. Жалпы анықтама¬ларға сәйкес, төр¬тін¬ші өнеркәсіптік ре¬волюция – жаһандық заттар өнеркәсіптік желілері мен қызметке бірігу келешегі негізіндегі толықтай автоматтандырылған цифрлық өндіріске өту, басқарылатын интеллектуалды жүйелер болып та¬былады.

Әлемдік экономика жаһанданудың ықпалынан бөлек, технологиялық өр-кендеуге байланысты өзгерістер кезеңін басынан кеші¬руде. Алдағы уақытта төртінші өнеркәсіптік революция қарсаңында тұрған елдердегі үйреншікті технологиялық процестерді түрлі технологиялар мен өнеркәсіптік тың жаңа-лық¬тар өзгертеді. Өнер¬кәсіп салаларындағы техно¬логиялар бірігіп, өзара шек¬теулер жо¬йылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың осы жылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің ілгері дамуы үшін жасалған маңыз¬ды стратегиялық бастамалардың логикалық жалғасы болып табылады. Жолдау тақырыбы айтып тұрғандай, құжатта еліміздің төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылады. Төртінші өнер¬кәсіптік революция жағда¬йындағы тарихи өрлеу бас¬тауында тұрған ұлт болуымыз керектігіне көңіл бөлінген. Ол үшін Елбасы шешуіміз тиіс әрқайсысының жүгі бөлек, түсінікті әрі айқын он міндетті атап көрсеткен болатын.

KZL4PromRev 4KZL4PromRev 4KZL4PromRev 4KZL4PromRev 4

Прочитано 36 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.