Четверг, 18 октября 2018 11:39

Комсомол тарихы. Ұрпақ сабақтастығы Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

17 қазан күні Талдықорған қаласының №17 орта мектебінің акт залында ҚКХП Алматы ОК ұйымдастыруымен БЛКЖО-ның 100 жылдығына арналған «Комсомол мәңгі жас!» атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шара модераторы, ҚКХП Алматы ОК бірінші хатшысы Сәуле Биғарова барлық қатысушыларды БЛКЖО-ның 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, Лениндік комсомолдың пайда болуы мен дамуының тарихи маңыздылығын атап өтті.

 Коммунистердің басты мақсаты жастарға БЛКЖО-ның құрылуы, комсомолдықтардың тарихи оқиғалардың маңызды кезеңдеріндегі үлестері туралы айтып, комсомол дәстүрінің өзектілігін айқындау болды.

- Тарихта Лениндік комсомол сияқты қуатты жастар қозғалысының басқа үлгісі жоқ. Ондаған жылдар бойы комсомол көптеген жас ұрпақ үшін өмір мектебі болды. Комсомолдықтар елмен бірге азаматтық соғыс жылдарында кеңес билігі үшін күресті, алғашқы бесжылдықтар құрылысында ерен еңбектің үлгісін көрсетті, Ұлы Отан соғысы майданында қаза болды, бірақ жауға берілмеді, соғыстан кейін елді қайта көтерді, тың игерді, жаңа қалалар салды. Әрбір тарихи кезеңде комсомол өз қатарынан ерлігімен көзге түскен мыңдаған қаһармандарды шығарып отырды, - деді өз баяндамасында профессор Хания Есдәулетова.

БЛКЖО ардагерлері комсомол қатарында өздерінің тұлға болып қалыптасулары, оның тәрбиелік мәні жайында әңгімелеп берді.

 Мектеп әкімшілігі естен кетпес патриоттық сабақ үшін ардагерлер мен ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.

Кездесу соңында жастарды тәрбиелеу ісіне белсене атсалысқандығы үшін №17 орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Л.Б. Бексұлтановаға және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін 11 сынып оқушысы Бахаргүл Бердіханға ҚКХП Алматы ОК атынан мақтау қағаздары табысталды. Бұл іс-шараға «Жетісу» телерадиокомпаниясы ақпараттық қолдау көрсетті.

ҚКХП Алматы ОК

AlmatyVechnoMolod 10AlmatyVechnoMolod 10AlmatyVechnoMolod 10AlmatyVechnoMolod 10AlmatyVechnoMolod 10AlmatyVechnoMolod 10AlmatyVechnoMolod 10AlmatyVechnoMolod 10AlmatyVechnoMolod 10AlmatyVechnoMolod 10

Прочитано 47 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.