Среда, 17 октября 2018 13:46

Астанада ҚКХП ОК Хатшысы Қазақстандағы Куба Елшісімен кездесті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

16 қазан күні Орталық Комитетте ҚКХП ОК Хатшысы, «Халық коммунистері» фракциясының жетекшісі  Айқын Қоңыров Қазақстан Республикасындағы Куба Елшісі Эмилио Певида Пупомен кездесті. 

Кездесу барысында Куба Елшісі Айқын Ойратұлын «Халық коммунистері» фракциясының жетекшісі қызметіне тағайындалуымен құттықтап, Қазақстандағы Куба Елшілігінің ағымдағы жұмыстары туралы хабардар етті.

Эмилио Певида Пупо Куба мен Қазақстанның фармацевтика, мәдениет және білім салаларындағы ынтымақтастықтың болашағы жарқын екендігін атап өтті. Сонымен қатар Елші өз елінде талқыланып жатқан Бостандық Аралы Конституциясын редакциялаудың жаңа жобасы мен Куба Республикасына қатысты қалыптасқан халықаралық жағдай жайында әңгіме қозғады. Сондай-ақ екі жақ келер жылдағы партияаралық байланысты  талқылады.

ҚКХП ОК Хатшысы Айқын Қоңыров Эмилио Певида Пупоға алғыс білдіріп, Елшінің жуырда өткен туған күніне орай мейманға партия атынан кәдесый тапсырды.

ҚКХП ОК баспасөз қызметі

PosolKuby 2PosolKuby 2

Прочитано 25 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.