Сынып сағаты диалог форматында ұйымдастырылды. Көрнекілік үшін фотосуреттер мен кинофильмдердің үзінділері пайдаланылды.
- Комсомол бұл – біздің тарих, оның 100 жылдығын атап өту біз үшін міндет. Жастар мен жас өсіпірімдердің назарын комсомол тарихына бұру қажет, оларға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы комсомолдықтардың рөлі, елді қалпына келтіру кезеңіндегі, жалпыодақтық құрылыстардағы еңбектері туралы айтуымыз қажет, - деді ҚКХП Атырау ОК бірінші хатшысы Е.Дәулетқазиев.
Оқушылар талқылауға белсене қатысты. Олар үшін 1918-1991 жж. қамтыған қозғалыс туралы білу, сол кездегі жастар жайлы ақпарат алу қызықты болды.
Сынып сағаты барысында оқушылар кеңес дәуірі туралы көптеген қызықты ақпараттарға қанық болды. Сол кездегі жастардың жаңа қалалар мен темір жолдар, магистральдар мен кәсіпорындар тұрғызулары оқушылар үшін жарқын үлгі болды.