Пятница, 19 октября 2018 14:26

Комсомол – қазіргі жастар үшін үлгі Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті БЛКЖО-ның 100 жылдығына арналған «Комсомол мәңгі жас!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға «Нұр Отан», «Ақ жол» партияларының өкілдері, ҮЕҰ мен Ардагерлер кеңесінің мүшелері, Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, обком мен   Жастар қанатының белсенділері, БАҚ қатысты.

БЛКЖО-ның тарихы мен Қазақстан Коммунистік Жастар одағының қызметі жайлы ҚКХП ОҚО Жастар қанатының көшбасшысы Жасмин Әшімова айтып берді:

- Тарихта Лениндік комсомол сияқты қуатты жастар қозғалысының басқа үлгісі жоқ.  Комсомол бұл – Коммунистік партия мен БЛКЖО-ның қаһармандық тарихының және коммунистік идеалдар мен жалпы адами құндылықтар үшін күрескен жастардың тарихы. Қазақстанның Комсомолы өз бастауын ХХ ғасырдың 20 жылдарынан алады. Алғашқы комсомолдықтар бастауыш ұйымдар құрып, жастарды «кеңестік мемлекет құрылысына белсене» қатысуға үгіттей бастады. 1920 жылдың 9 маусымында РКЖС ОК Қырғыз (Қазақ) бюросын құрды, бір жылдан соң Қазақстан комсомолдарының съезінде республиканың жастар бастауыш ұйымдарының  бірігуі болды. Ғани Мұратбаев, Мирасбек Төлепов комсомолдықтардың көшбасшылары атанды. 1924 жылы комсомолдық ұйымдағы қазақтардың саны 6 есеге артты. 1925 жылы Қазақстанда комсомолдың өлкелік комитеті құрылды, оның басшылығымен пионерлік қозғалыс қарқын ала бастады.

Комсомолдық бастауыш ұйымдар Қазақ Автономиялы Кеңестік социалистік республикасы (ҚазАКСР) жастары өмірінің орталығына айналды. Партияның басшылығымен қазақ жастары мәдени өрлеуге араласып, ауыл мен қыстақтарда Кеңес үкіметін құруға көмектесті, үлкендер арасында сауатсыздықты жоюға атсалысты, «қызыл бұрыштар» мен «қызыл киіз үйлер», клубтар мен көшпелі театрлар ашты.

Елді индустриаландырудың ауқымды бағдарламасы кезеңінде он мыңдаған қыз-жігіттер Риддер кен орны мен Қарағанды шахталарына, Шымкенттің  қорғасын және Балқаштың мыс қорыту зауытына, Ақтөбе химия комбинатына еріктілер ретінде аттанды.

Екпінді комсомолдық құрылыс құру қарсаңында Комсомол республиканың жаңа құрылысына басшылық етті.

 Бұл университеттің алғашқы сабағы аты аңызға айналған алғашқы бес жылдық құрылыс Түрксібтен бастау алды. Комсомол Түрксіб құрылысына қатысуды үлкен абырой санады, ол нағыз коммунизмнің мектебіне айналды. Индустриаландыру жылдары комсомол ұйымдарын біріктірді, өнеркәсіптік кәсіпорындардағы алғашқы жұмыс тәжірибесінің бастауы болды, Қазақстанның экономикалық жаңару үдерісіне қатысу мүмкіндігін берді.  1936 жылы Қазақ КСР құрылуымен республика комсомолы өмірінің жаңа кезеңі басталды.  Соғыс қарсаңындағы кезеңде ауқымды жұмыс атқарылды. Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін де Қазақстан Комсомолы барлық кеңес халқымен социалистік Отанды қорғауға шықты. Комсомол майданға 250 мыңнан астам адам жіберді. Соғыс жылдары 200 мыңнан астам қыз-жігіт ордендер мен медальдарға ие болды, 94 комсомол Кеңес Одағының Батыры атанды. Олардың қатарында Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұловалар бар.  Олар бұл атаққа ие болған алғашқы Шығыс әйелдері.

Комсомол тарихындағы тағы да бір атаулы кезең ол тың игеру болды. Бұл комсомолдың еңбек жазбаларындағы ең жарқын сәттер болды. Тың игеруге қуатты күш пен жерді сүйетін жастар керек болды. КСРО-ның түкпір-түкпірінен келген он мыңдаған қыз-жігіттер қазақ даласына келді.  Жеңу үшін келді!

Өткен дәуір көптеген оқиғалар мен миллиондаған адамдардың өмірін өзіне қамтығанын үлкен құрметпен есте сақтау қажет. БЛКЖО-ның тарихы – партия мен комсомолдың ерен ерлігі тарихының, жастардың коммунистік идеалдар мен әлеуметтік әділдік үшін күресі тарихының бөлігі.

Комсомолдың жарқын дәстүрі жоғалған жоқ. ҚКХП өзінің құрылған күнінен бастап өз қатарына жастарды тартуға, өзінің жастар ұйымын құруға ерекше назар аударды.

Жылдар бойы ауқымды жұмыс атқарылды. Оңай болған жоқ, бірақ ҚКХП көздеген мақсатқа жетті, партияға жастар келе бастады. Аймақтық бөлімшелерде жастар ұйымдары жұмыс істей бастады, олар аға буын өкілдерімен қатар облыстық және қалалық комитеттердің жұмысына өздерінің өлшеусіз үлесін қосты.

Қазіргі таңда ҚКХП-да Комсомолдың жарқын дәстүрін жаңғыртатын жастар қанаты - Қазақстан Коммунистік жастар ұйымы жұмыс істейді.

Жас коммунистер партияның өміріне белсене араласады – барлық үгіт-насихат шараларына қатысады, өздерінің шығармашылық бастамаларын көрсетіп, ауқымды акциялар өткізеді.

YUKOkrstol 31YUKOkrstol 31YUKOkrstol 31YUKOkrstol 31YUKOkrstol 31YUKOkrstol 31YUKOkrstol 31YUKOkrstol 31YUKOkrstol 31YUKOkrstol 31YUKOkrstol 31YUKOkrstol 31YUKOkrstol 31YUKOkrstol 31YUKOkrstol 31YUKOkrstol 31YUKOkrstol 31YUKOkrstol 31YUKOkrstol 31YUKOkrstol 31YUKOkrstol 31YUKOkrstol 31YUKOkrstol 31YUKOkrstol 31YUKOkrstol 31YUKOkrstol 31YUKOkrstol 31YUKOkrstol 31YUKOkrstol 31YUKOkrstol 31YUKOkrstol 31

Прочитано 42 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.