Пятница, 19 октября 2018 13:29

Петропавлда Қожаберген жырауға ескерткіш орнатылды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың 16 қазанында Солтүстік Қазақстанның облыстық орталығында ақын,  батыр-қолбасшы Қожаберген жырауға ескерткіш орнатылды. Биіктігі 12 метрді құрайтын монумент Петропавл қаласының кіреберісіне қойылды. Оның авторы танымал қазақстандық мүсінші Қазбек Сатыбалдин.

 Ескерткіштің салтанатты ашылуы СҚО әкімі Құмар Ақсақаловтың басшылығымен өтті. Салтанатты шараға қала мен облыстың қоғам және  мәдениет қайраткерлері, Қожаберген жыраудың туыстары,  сонымен қатар  іс-шараға ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы Сергей Мартемьянов қатысты.

Қожаберген жырау Гүлтөбе өңірінде, қазіргі Богдановка ауылында дүниеге келген. Әкесі Толыбай Орта жүз әскерін басқарған батыр болған. Қожаберген шайқастарда өзін қабілетті қолбасшы ретінде көрсете білген. Сөйтіп 1688 жылдың маусым айында 25 жастағы Қожабергенді Тәуке хан хан әскерінің қолбасшысы етіп сайлайды. Қожаберген батырдың ерлігі жайлы дастандар мен өлеңдер жазылған. Қожаберген Тәуке хан тұсындағы “Жеті жарғы” заңдар жинағын әзірлеуге белсене қатысып, кейін оны ақ былғарыға жазып Әз Тәукеге табыс еткен. Сонымен қатар ол сол кездегі қоғамдық, әлеуметтік жағдайды, қазақ елінің ішкі-сыртқы хал-ахуалын жырға қосып, “Жеті жарғы” атты тарихи дастанын жазған.

SKOPam 3SKOPam 3SKOPam 3

Прочитано 22 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.