Пятница, 19 октября 2018 18:30

Астанада білім беру саласында адам басын қаржыландырудың сынамалы жобасы талқыланды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың 18 қазанында «Алма-Ата» БО мәжіліс залында білім беру саласында адам басын қаржыландырудың сынамалы жобасының нәтижелері бойынша фокус-топтың отырысы өтті.

Пікірталасқа ұстаздар мен есепшілер, Астана мектептеріндегі ата-аналар комитеттерінің өкілдері, телевизиялық жобалардың продюсері Жұлдыз Абеу, ҚКХП Астана ҚК жауапты ұйымдастырушысы және бірнеше кітап жобаларының жетекшісі Сұңқар Ислам қатысты.

Жиында білім саласында адам басын қаржыландыруға өтудің  артықшылықтары мен кемшіліктері талқыланды. Жобаның артықшылығы ретінде ұстаздардың қаржылық тұрғыдан ата-аналардан тәуелсіздігі аталды. Пікірталас қатысушылары  кемшіліктері ретінде жобаның төмен ақпараттандырылуын көрсеткен. Көптеген ұстаздар жобаның мәнін түсінбейді. 

Іс-шараны ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен «Idea Hub» ЖШС ұйымдастырды. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 2020 жылдан бастап мектептерде адам басын қаржыландыру жүйесіне көшуді жоспарлап отыр.

AstFin 3AstFin 3AstFin 3

Прочитано 20 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.