Пятница, 19 октября 2018 18:01

«Комсомолмен қоштаспаймын» Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылғы 17 қазанда Астана қаласының көпкешенді колледжінде бұрынғы комсомол қызметкерлері студентермен кездесті.

«Комсомол мәңгі жас» деген атаумен өткен кездесуге қатысқан 250 студент комсомол мектебінің тәрбиесін көріп, қоғамдық қызметте жетістікке жеткен жандардың әңгімесін тыңдады.

Жиын студент-жастардың назарын адамзат тарихындағы ең ықпалды ұйым - Коммунистік жастар одағының атқарған қызметіне назар аударуды мақсат тұтты. Іс-шараға Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Астана қалалық комитеті ұйытқы болды.

Қалалық комитеттің өкілі Сұңқар Ислам жиналғандардың назарына комсомол ұйымына қатысты тарихи деректерді ұсынып, Қазақ ССР-інде комсомолдың негізін қалаған Ғани Мұратбаев жайлы мәліметтермен бөлісті.

Басқосу барысында ҚКХП Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы

Марат  Әубәкіров  сөз сөйлеп, комсомол қатарындағы өмірінен сыр суыртпақтады. Ал саясаттанушы-тарихшы Сұлтанбек Сұлтанғалиев Лениндік комсомолдың ғылыми-тарихи тұрғыдан талдады.

– Тарихта Лениндік комсомол секілді қуатты жастар қозғалысы болған емес. Ол жастар үшін өмір мектебіне, бірлік үлгісіне  айналды. Комсомолдықтар азаматтық соғыс кезінде кеңес билігі үшін күресті, алғашқы бесжылдықтарда жан аямай еңбек етті, Ұлы Отан соғысында майдан шебінде мерт болды, тың көтерді, жаңа қалалардың құрылысына қатысты. Комсомол жастар ұйымы ғана болған жоқ, ол әлеуметтік саты қызметін атқарды. Бұл жерден қоғам қайраткерлері, түрлі ұйымдардың жетекшілері түлеп ұшты.

70-80 жылдары комсомолда еңбек еткен Әлипа Әубәкірова оның бойындағы көшбасшылық қасиетті комсомол қалыптастырғанны айтты.

– Комсомолмен қоштаспаймын – мәңгі жас болып қаламын! Бұл менің өмірлік ұраным», – деді Әлипа Әубәкірова.

Сұңқар Ислам колледж студенттерін Қазақстан Коммунистік Халық партиясының жастар одағымен таныстырды және Лениндік комсомолдың 100 жылдығының құрметіне арналған «Красная волна » атты рок-фестиваль ұйымдастырылатынын жариялады.

Жиын қорытындысында Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы

колледж директоры Серік Ташеновты  ҚКХП Орталық комитеті Лениндік комсомолдың 100 жылдығына арнап шығарған мерейтойлық медалімен марапаттады.

AstanaVechnomolodKoms 9AstanaVechnomolodKoms 9AstanaVechnomolodKoms 9AstanaVechnomolodKoms 9AstanaVechnomolodKoms 9AstanaVechnomolodKoms 9AstanaVechnomolodKoms 9AstanaVechnomolodKoms 9AstanaVechnomolodKoms 9

Прочитано 16 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.