Суббота, 20 октября 2018 10:42

Комсомолмен қоштаспаймын… Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

17 қазанда Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Қарағанды облыстық комитетінде Лениндік комсомолдың 100 жылдығына арналған «Мәңгі жас комсомол» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің басшылығы жиынға қоғамдық бірлестіктердің, саяси партиялардың, мемлекеттік органдардың және БАҚ өкілдерін шақырды.

– Бүгін жиынға қатысып отырғандардың көпшілігі комсомол болған, олар өмірлерінің комсомолға қатысты тұсын сағанышпен еске алады. Олар БАМ құрылысына, тың игеруге белсене қатысты, – деді Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы Александр Зевахин.

Обкомның жастармен жұмыс жөніндегі үшінші хатшысы Анатолий Чен комсомолдың арғы-бергі тарихына шолу жасады.

– КСРО күйреген кезде жастар ұйымдары маңыздылығы мен өзектілігін жойған жоқ. Қазақстанда түрлі жастар ұйымдары пайда болды. Бірақ олар

Лениндік комсомолдың заңды жалғасы бола алмады, – деді Анатолий Чен.

- КСРО ыдыраған соң жастар ұйымдарын құру монополиясы күйреп,  көптеген жастар ағымы пайда болды, - деп өз ойымен бөлісті жоғары сынып оқушысы Гари Азарян. – Өкінішке орай, әлі күнге дейін жастар басқосуларға тартылады, ал бұқаралық мәдениетті ұмыт қалдырған. Комсомолда идея болды, ол қоғамды жақсы жаққа бағыттау бағдарламасын қамтыды. Ал қазіргі таңда жастар қоғамды өзгертудің шынайы мүмкіндіктерін көріп отырған жоқ. Бастамалар көп, бірақ қоғамдағы өзгерістерге ешкім сенбейді. 

Оқушы қалыптасқан жағдайды өзгертудің амалы бар екенін айтты. Ол жастарды біріктіретін идея беру керектігін ұсынды.

- Айтпақшы, біздің обком осы жолда жұмыс жасап жатыр, - деп Анатолий Чен Гари Азарянның сөзін толықтырды.

- Біз басымдықты спортқа бердік. Мини-футболдан команда  құрдық. Футбол ойнайтын жастардың басын біріктірдік. Олардың футболға деген ынталары мен талаптары болды, бірақ форма мен доп сатып алуға, дайындықтардың ақысын төлеуге мүмкіндіктері болмады. Партия осы тұрғыдан көмек көрсетіп отырады. Футболшылар облыстық деңгейдегі турнирлардан орындар алып, партияның танымалдылығын арттыруға үлес қосып келеді.

Кейін космонавтика музейінің жетекшісі Мағрипа Қайрбекова, «Память» бірлестігінің президенті Лидия Близнюченко, обком белсендісі Лидия Моргачева және басқа да ардагерлер комсомол жайлы естеліктерімен бөлісті.

 Өздерінің жұмыстары жайлы Қарағанды қ. Жастар ресурстық орталығы мен білім бөлімінің өкілдері хабардар етті.

 Олар жастар бастамасының тапшылығы, жастар ұйымдары арасында байланыстың жоқтығы мен «NEXT» ұрпағы өкілдерінің әлеуметтік инфантилизмі жайлы тілге тиек етті.

Басқосу соңында ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы Александр Зевахин аймақтық жастар ұйым өкілдеріне жастар мәселесін бірігіп шешуді ұсынды.  Бұл ұсыныс жастар тарапынан қолдауға ие болды.

ҚКХП Қарағанды ОК баспасөз қызметі

KRG 100let 9KRG 100let 9KRG 100let 9KRG 100let 9KRG 100let 9KRG 100let 9KRG 100let 9KRG 100let 9KRG 100let 9

Прочитано 29 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.