Понедельник, 22 октября 2018 11:42

Астана қалалық комитетінің хатшысы «Алтын қолды шебер» сайысының қатысушыларын марапаттады Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың 19 қазанында Астанада ерекше қажеттіліктері бар балалар арасындағы шығармашылық сайыстың қорытындысы шықты. Елорданың 20 жылдығына орайластырылған жыл сайынғы «Алтын қолды адам» қалалық сайысы Астана қаласы білім беру басқармасының қолдауымен Арнайы түзету мектеп-интернатында ұйымдастырылды. Іс-шараны ұйымдастыруға «Дар», «Мир и капелька любви», «Истоки добра» және «Аяла» қайырымдылық қоры мен «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағы атсалысты.

Он бірінші рет өткізіліп отырған сайысқа мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған 18 мектептен 44 қатысушы қатысты. 

Астананың түзету мектебінде ерекше қажеттіліктері бар 250 бала оқиды, бірақ білім беру мектеп қабырғасымен шектелмейді. Балаларды әлеуметтендіру мақсатында мектеп әкімшілігі құрметті қонақ ретінде шақырылған қалалық қоғамдық бірлестіктермен тығыз байланыста жұмыс жасайды. ҚКХП Астана қалалық комитетінің хатшысы және қамқоршылық кеңестің төрағасы Нұрдәулет Оразханов та әділ-қазылар алқасының құрамында болды.

Түзету мектебі мен  М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының өнерлі балалары, №1 қалалық шығармашылық мектебі мен №65 мектеп-гимназиясының оқушылары сайыс қонақтарының назарына концерттік бағдарлама ұсынды.

Мектеп фойесінде «Астанаға 20 жыл» атты қолдан жасалған бұйымдардың көрмесі ұйымдастырылды.

AstZolRuki 18AstZolRuki 18AstZolRuki 18AstZolRuki 18AstZolRuki 18AstZolRuki 18AstZolRuki 18AstZolRuki 18AstZolRuki 18AstZolRuki 18AstZolRuki 18AstZolRuki 18AstZolRuki 18AstZolRuki 18AstZolRuki 18AstZolRuki 18AstZolRuki 18AstZolRuki 18

Прочитано 45 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.