Понедельник, 22 октября 2018 14:53

Тұрғын Сыздықов Атырау қаласының ХҚКО-да болды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

18 қазан күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Тұрғын Сыздықов, Нұрлан Әбдіров, Мейрам Пшембаев Атырау облысы бойынша «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы»   коммерциялық емес акционерлік қоғамы бөлімшесінің қызмет көрсету орталықтарында болды.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» №1Атырау облыстық бөлімшесінде депутаттар ХҚКО жұмысымен танысып, келушілердің пікірін де тыңдады. Депутаттарды  болашақ «сандық орталығының» жұмысы жайлы хабардар етті. Орталық Мемлекет басшысының «Сандық Қазақстан» бағдарламасы бойынша іске асырылып жатыр.

Бөлімше директоры Мұса Хайруллаев бұл жерде Мемлекет басшысының қызмет көрсетудің сандық форматына көшу тапсырмасы тәжірибе жүзінде іске асырылып жатқандығын айтты. Орталықта халық өздерінің сандық сауаттылықтарын арттырып, қажетті құжаттарды қағаз түрінде емес, электронды тасымалдауыштарда ала алатын болады.

Кейін депутаттар жаңадан салынып жатқан мамандандырылған ХҚКО-да болды. Халық қалаулылары құрылыс барысымен танысып, болашақтағы жоспарлардан хабардар болды. Бұдан соң депутаттар бір ай бұрын іске қосылған Көші-қон қызметі орталығының жұмысымен танысты. Тұрғын Сыздықов орталық қызметкерлерімен тілдесіп, еңбек жағдайымен, қызметкерлердің жалақы мөлшерімен, жұмыс кестесімен таныс болды.  Құжат рәсімдеуші шетелдіктер бұған дейін құжаттарды реттеу үшін бірнеше күн қажет болатынын, ал қазір барлығы бір сағатта реттелетінін атап өтті.

AtirConSyzdykov 16AtirConSyzdykov 16AtirConSyzdykov 16AtirConSyzdykov 16AtirConSyzdykov 16AtirConSyzdykov 16AtirConSyzdykov 16AtirConSyzdykov 16AtirConSyzdykov 16AtirConSyzdykov 16AtirConSyzdykov 16AtirConSyzdykov 16AtirConSyzdykov 16AtirConSyzdykov 16AtirConSyzdykov 16AtirConSyzdykov 16

Прочитано 60 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.