Понедельник, 22 октября 2018 17:32

Комсомол ұйымының асқақ мәртебесі Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Ақтөбедегі БЛКЖО-ның 100 жылдығына арналған мерекелік іс-шара «Комсомолмен қоштаспаймын, мәңгі жас боламын!»   ұранымен өтті. Биылғы жылғы мереке дәстүрлі концерттік формада емес, қатысушылардың қатысуымен өткен шығармашылық кеш түрінде өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысы коммунистердің үш буын өкілдерінің қатысуымен өтті. Жиынды ҚКХП Ақтөбе облыстық комитетінің екінші хатшысы Б.Жұмағұлова ашты. Егде жастағы адамдар жастық шақ әуендерін көздеріне жас алып тыңдады. Олар естеліктермен бөлісіп, бір біріне өздерінің комсомолдық билеттері мен фотосуреттерін көрсетіп жатты.

 Өзінің естелігімен Құрайлы бастауыш ұйымының хатшысы П.Платынюк та бөлісті: «Өткен ғасырдың 80 жылдарының соңында дүниеге келген ұрпақ үшін комсомол сөзі таңсық, бірақ бұл ұйымның қоғамдық-саяси өмірдегі рөлін тарихтан өшіріп тастау мүмкін емес. Комсомол жастар мәселесімен кәсіби деңгейде айналысқан жалғыз ғана орган болғандығы туралы көбі біле бермес.  Жастар мәселесімен айналысатын жастар ісі жөніндегі министрлік сияқты мемлекеттік институт болған емес. Комсомол өзінің соңғы күндеріне дейін мәртебелі, ықпалды ұйым болды. Ол өз мәртебесін нақты істермен дәлелдеді. Комсомолдың қаһармандығы мен еңбектегі қызметін, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі жұмысын үкімет жоғары бағалаған».

Ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Үмбетов: «Тарихта Лениндік комсомол сияқты қуатты жастар қозғалысы болған емес» деп мәлімдеді.

AktobeKomsNerast 17AktobeKomsNerast 17AktobeKomsNerast 17AktobeKomsNerast 17AktobeKomsNerast 17AktobeKomsNerast 17AktobeKomsNerast 17AktobeKomsNerast 17AktobeKomsNerast 17AktobeKomsNerast 17AktobeKomsNerast 17AktobeKomsNerast 17AktobeKomsNerast 17AktobeKomsNerast 17AktobeKomsNerast 17AktobeKomsNerast 17AktobeKomsNerast 17

Прочитано 17 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.