Понедельник, 22 октября 2018 15:35

Атырау облысының медқызметкерлері Елбасының бастамаларын қолдайды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Т.Сыздықов Атырау облысындағы жұмыс сапары барысында 19 қазан күні Атырау бизнес және құқық колледжінің оқытушылары мен студенттерімен кездесті.

- Мемлекет жастар үшін жақсы жағдай жасап жатыр: білім беру гранттары, жатақханалардағы орындар. ЖОО бітіргеннен кейін  жұмысқа орналасу мәселесі әлі күнге дейін өз шешімін таппай отыр. Жолдауда айтылғандай, оқу мекемесі түлектердің жұмысқа орналасуына ықпалдасса, бұл жастар үшін жақсы қолдау болар еді, - деп айтты кездесу барысында халық қалаулысы.

Колледж директоры Н.Айтиева педагогтардың, медицина саласы мен мемлекеттік қызметкерлердің, құқық қорғау органдары жұмысшыларының  жалақысын көтеру бұл мамандықтардың студенттер арасында мәртебесін арттыра түсетіндігін айтты. Ал Мемлекет басшысының келесі жылды жастар жылы деп жариялауы,  жас азаматтардың дамуына үлкен мүмкіндік береді.

Осы күннің екінші жартысында депутат №3 қалалық емханада болып, ақпараттық-сараптамалық жүйенің қызметімен, емханалардағы электронды кезектің жұмысымен,  денсаулық сақтау саласын сандық технологияларға ауыстыру үдерісімен танысып, олардың мобильді қосымшаларға қолжетімділігін тексеріп, емхана емделушілері мен қызметкерлерімен кездесті.

- Кейбір қиындықтарға қарамастан жұмыс бір ретке қойылған. Емханада 282 қызметкер жұмыс істейді, 21 участок ашылған: 2 педиатрлық, 2 терапевтикалық және жалпы тәжірибелі дәрігерлер қабылдау жүргізетін 17 участок бар. Әрбір дәрігерге 1800 пациент тіркелген. Олардың жұмыстарын кешенді ақпараттық медициналық жүйе мен қағазсыз құжат айналымын енгізу жеңілдетіп отыр. Біз электронды кезек енгізілген алғашқы емханаға болғанбыз. Әрбір науқастың барлық мәліметі, тексеріс, талдау  нәтижелері, дәрігерлердің ұйғарымы жазылған электронды денсаулық паспорты бар.  Электронды кезек арқылы науқастарға тапжылып кезек күтудің қажеті жоқ. Біздің емханада дәрі-дәрмек те электронды база арқылы жіберіледі, - деді емхана директоры Айман Өтегенова.

20 қазан күні кездесулер кестесіне сай Тұрғын Сыздықов Атырау облысының Жылыой ауданына келіп, денсаулық сақтау нысандарында болды.  Алғашқы кездесу Доссор ауылдық ауруханасында, одан кейін Шақпақ ауылдық дәрігерлік амбулаториясында өтті. Соңғы кездесу Жылыой орталық аудандық ауруханасында өтті. Емдеу мекемелерінде депутат науқастармен және қызметкерлермен тілдесті. Медқызметкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында Т.Сыздықов Президент өз Жолдауында елдің  әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қазақстандықтардың әл-ауқатының артуына ғана емес, нақты алты бағыт бойынша маңызды міндеттерді белгілеп отырғанын жеткізді. Жылыой орталық аудандық аурухана ұжымы Елбасының жаңа бастамаларын толыққанды қолдайтынын жеткізді.

SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46SyzdykovTIAtyrau 46

Прочитано 23 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.