Среда, 24 октября 2018 12:47

Астаналық коммунистер азық-түлік тауар нарығын зерттеді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың 23 қазанында ҚКХП Астана қалалық комитеті азық-түлік тауар бағасына мониторинг жүргізді. Нәтижесінде соңғы бір айда ұн және ұннан дайындалатын тағамдардың бағасы 30%-ға, сұйық май 24%-ға, тауық жұмыртқасы мен ет 20%-ға өскендігі анықталған.

Дүкен сатушылары баға өсіміне олардың ешқандай қатысы жоқ екенін айтуда.

- Біз тауарды қымбат бағамен аламыз. Жалға алып отырған орнымыз бен отбасымызды асырау үшін үстінен өзіміздің он пайыздық үстемені қосамыз, - деп мәлімдеді «Сарыарқа» сауда орталығының сатушысы. 

Енді бір сатушының айтуынша, оларға әкімдіктен тексерушілер жиі келеді, баға мониторингін жүргізеді. «Бізден бағаны төмендеткенімізді қалайды. Тауарды арзан бағамен сатуға қарсы емеспіз, бірақ ол бізге келгенде қымбат бағамен келеді», - дейді ол.

- Баға үнемі өсіп отырады. Мысалы, тауық еті соңғы айда үш рет қымбаттады, - деп шағымданды енді бір сатушы.

Астаналық коммунистер тауар қымбатшылығы бұл - салдар деп мәлімдейді. Ал салдармен күресу  еш нәтиже бермейді. Сондықтан сатушылардан бағаны төмендетуді талап ету – қисынсыз.  Мәселенің себебін анықтау керек. Долларға ешқандай қатысы жоқ отандық тауар неліктен қымбаттап жатыр? Дүкен сөрелеріне ұн, ет, май және өзге де тауарлар неліктен қымбат бағамен келеді?

AstMonitor 6AstMonitor 6AstMonitor 6AstMonitor 6AstMonitor 6AstMonitor 6

Прочитано 24 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.