Среда, 24 октября 2018 10:04

Депутат Галина Баймаханова Қостанайда студенттермен кездесті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың 23 қазанында Парламент Мәжілісінің депутаты, «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі Галина Баймаханова Қостанай облысындағы іс сапары барысында М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде болды.

Халық қалаулысы ЖОО-ның мәжіліс залында университеттің оқытушы-профессорлар құрамымен және студенттермен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысының осы жылдың 5 қазанында жариялаған Жолдауының негізгі тармақтары түсіндірілді. 

Сонымен қатар депутат қатысушылардың Парламент депутаттары мен Үкіметтің Жастар жылы және арнайы «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру жоспарларына қатысты сұрақтарына жауап берді. Басқосуда жастардың жоғары оқу орындарын тәмамдаған соң жұмыспен қамтылу мәселесі де тілге тиек етілді. 

Сонымен қатар депутат академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің оқу залында кездесу өткізді. Кездесу пікірталас түрінде өтті. ЖОО-ның студенттері мен оқытушылары өздерінің барлық сұрақтарына толыққанды жауап алды. Олар жалпыхалықтық декларация, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар мәселесіне қатысты сұрақтар қойды.  

BaimKost 7BaimKost 7BaimKost 7BaimKost 7BaimKost 7BaimKost 7BaimKost 7BaimKost 7BaimKost 7BaimKost 7BaimKost 7BaimKost 7BaimKost 7BaimKost 7

Прочитано 21 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.