Четверг, 25 октября 2018 15:04

Павлодарда еңбек нарығын талқылауға арналған қоғамдық пікірталас өтті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

23 қазан күні ҚКХП Павлодар облыстық комитеті «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы еңбек нарығы» тақырыбында қоғамдық пікірталас өткізді. Оған облыстық Ішкі саясат басқармасының, саяси партиялардың, ТКШ саласы мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Павлодар ОК бірінші хатшысы Гаухар Нұғманова «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы еңбек нарығы» тақырыбында баяндама жасады.

Облыстық Кәсіпкерлер палатасының қызметкері Д.Әбелдинова бизнес-құрылымдар жұмыс кадрларымен қамтылған және Президенттің бастамасын орындауға дайын екендігін мәлімдеді. ПИК ассоциациясының төрағасы С.Иванова олар білікті жұмыс кадрларын таңдауда кәсіпкерлермен жоғары жалақыға байланысты бәсекеге түсе алмайтындығын айтты. Сондықтан оларға даярлықтары нашар кадрлар келеді. Сол себептен тұрғындардың слесарь-сантехниктердің кәсіби сауатсыздықтарына айтатын шағымдары орынды. ТКШ туралы заңнамаға өзгертулер енгізу қажеттілігі бар.  «Милосердие и здоровье» қорының өкілдері жұмысшы кадрлар даярлығының төмен сапасы тәлімгерлік институттың жоқтығынан деп атады. «Ақ жол» партиясының мүшелері заңгерлік сауаттылықты және  тұрғындардың атқарушы билік және ПИК-мен байланысын арттыру қажеттілігін алға тартты.

Барлық қатысушылар төртінші өнеркәсіптік  революция жағдайында еңбек нарығының қарқыны арта түседі, сондықтан жұмысшылар мен мамандарды реттеу мен қалыптастыруға икемді әдісті қолдану қажет екендігін алға тартты.

PavlRynokTruda 2PavlRynokTruda 2

Прочитано 28 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.