Четверг, 25 октября 2018 15:05

Жамбыл облыстық комитетінде Президенттің Жолдауы талқыланды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Жамбыл облыстық комитетінде ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жаңа Жолдауын талқылауға арналған қоғамдық пікірталас өтті.

Обкомның бірінші хатшысы Жарылқасын Нұрәлиев Мемлекет басшысының Жолдаудағы негізгі басталамарына тоқталып, ҚКХП мүшелері оларды толыққанды қолдайтындығын мәлімдеді. Пікірталас қатысушылары жазушы-драматург Елен Әлімжан, ҚКХП обком бюросының мүшесі Магомед Тоқсанбев, «Невада-Семей» ҚБ облыстық бөлімшесінің директоры Раиса Рысқұлбекова, «Жастар авиация орталығы» ҚБ директоры Анатолий Кисиль, «Жамбыл облыстық Азаматтық Альянсы» ЗТБ заңгері Әбдурахман Зайнутдинов, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Сайлаухан Ашанов және басқалары Елбасының Жолдауына қатысты пікірлерін ортаға салды.

 Іс-шара соңында Жарылқасын Нұрәлиев комсомолдық қозғалыс ардагерлері мен партия белсенділеріне «БЛКЖО-ның 100 жылдығы» арнайы мерейтойлық медальдарын табыстады.

ZhambDiskuss 1ZhambDiskuss 1ZhambDiskuss 1ZhambDiskuss 1ZhambDiskuss 1ZhambDiskuss 1

Прочитано 34 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.