Четверг, 25 октября 2018 10:09

Г.Баймаханова«Қостанайшинсервис» ЖШС-нің ұжымымен кездесті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

24 қазан күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі Галина Баймаханова Қостанай өңіріндегі жұмыс сапары барысында «Қостанайшинсервис» ЖШС-нің ұжымымен кездесті.

Кәсіпорын директоры, коммунист Валерий Мантулинмен кездесу барысында депутат компанияның болашақтағы жоспарларымен танысып, жұмысшылардың әлеуметтік қамтылуы мен жалақысы жайында хабардар болды.

Кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесуге халық қалаулысы Президенттің Жолдауын талқылап, қатысушылардың «7-20-25» бағдарламасына қатысты сұрақтарына жауап берді.

Кездесуді қорытындылай келе, Галина Александровна Валерий Андреевичті комсомолдың 100 жылдығымен құттықтап, кәсіпорын басшысына «БЛКЖО-ға 100 жыл» мерейтойлық медалін табыстады.

Сондай-ақ Қостанай қаласындағы іс сапары барысында депутат В.И.Лениннің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

BaimakhKostShinServ 5BaimakhKostShinServ 5BaimakhKostShinServ 5BaimakhKostShinServ 5BaimakhKostShinServ 5

Прочитано 28 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.