Четверг, 25 октября 2018 11:14

ҚКХП Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы қалалық VIII Азаматтық форумға қатысты Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың 24 қазанында Астанада «Азаматтық қоғам және мемлекет: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауда жариялаған әлеуметтік бастамаларын іске асыру барысындағы тиімді ынтымақтастықтың келешегі» тақырыбында кезекті Азаматтық форумы өтті.  

Форум жұмысына Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов, ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев, Парламент және қалалық мәслихат депутаттары, елорданың мемлекеттік органдарының жетекшілері, ҮЕҰ, саяси партиялар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, дипломатиялық миссия басшылары, сарапшылар қауымдастығы мен БАҚ қатысты. 

Пленарлық отырыс барысында Қазақстан Азаматтық Альянс өкілдері қоғамдық кеңестерді дамыту жобасының іске қосылғандығы туралы хабарлады. Жоба аймақтық қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру үшін серіктестік қарым-қатынасқа бағытталған. 

Пленарлық отырыстан кейін қатысушылардың шешімімен резолюция қабылданды.

Іс-шара аясында Астана қаласының үкіметтік емес ұйымдары іске асырып жатқан әлеуметтік идеялар мен жобалардың көрмесі ұйымдастырылып, үздік 10 әлеуметтік жоба марапатталды.

Қазақстанның Азаматтық форумы мен қоғамдық кеңестер жобасы  ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік гранттары аясында іске асырылады. 

ASTGRForum 3ASTGRForum 3ASTGRForum 3

Прочитано 24 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.