Суббота, 27 октября 2018 11:50

Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Избранное

Оцените материал
(1 Голосовать)

2018 жылдың 25 қазанында БЛКЖО-ның 100 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Қызылорда облыстық Жастар қанатының белсенділерінің ұйымдастыруымен Қазақстандық комсомолдың Ұлы жетекшісі Ғани Мұратбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

- Біз қазіргі жастарға еліміздің Ғ. Мұратбаев сияқты лайықты ұлдарын үлгі етуге тиіспіз, - деді партия ардагері Айтбай Өтешев. Қазалы қаласындағы Ғани Муратбаев атындағы мемориалдық музейдің жетекшісі Жадырасынова Алтынай Ғани Муратбаевтың өмірбаяны мен жетістіктері жайында қысқаша мәлімет берді.

Іс-шараға партия өкілдері мен белсенділері, ардагерлер және БАҚ өкілдері қатысты.   Гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін мерекелік іс шара Дубай  ретро клубында жалғасты. Іс шара барысында комсомол болған ардагерлер   «БЛКЖО-ға 100 жыл» мерейтойлық медалімен салтанатты түрде марапатталды. Аға буын өкілдері өз ризашылықтарын білдіріп, өз естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар партия белсенділері, БАҚ өкілдері, бірге жұмыс атқарып жүрген қоғамдық бірлестіктер мен іс шараны ұйымдастыруға ықпалдасқан мекемелер, Дубай мейрамханасы алғыс хат және мадақтамалармен марапатталды.

Жалпы  іс шараға 50 адам қатысты.

KZL100letvlksm 14KZL100letvlksm 14KZL100letvlksm 14KZL100letvlksm 14KZL100letvlksm 14KZL100letvlksm 14KZL100letvlksm 14KZL100letvlksm 14KZL100letvlksm 14KZL100letvlksm 14KZL100letvlksm 14KZL100letvlksm 14KZL100letvlksm 14KZL100letvlksm 14KZL100letvlksm 14

Прочитано 31 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.