Понедельник, 29 октября 2018 12:11

Депутат Ирина Смирнованың жұмыс сапары Избранное

Оцените материал
(1 Голосовать)

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі  Ирина Смирнова өзінің жұмыс сапарын Шымкент қаласынан бастады.

23 қазан күні халық қалаулысы ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің кеңсесінде партия белсенділерімен, ардагерлерімен және ҮЕҰ өкілдерімен кездесті. Кездесуге Мемлекет басшысының 5 қазан күні жарияланған Жолдауы себеп болды. Сонымен қатар коммунист қатысушыларды «Халық коммунистері» парламенттік фракциясының жұмысы жайлы хабардар етіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

24 қазан күні депутат Шымкент қаласы №2 қалалық аурухана ұжымымен кездесу өткізді. Мемлекет басшысының Жолдауы  талқыланған соң, депутат медқызметкерлердің сұрақтарына жауап берді. Коммунист аурухананың әкімшілігіне ұжымға ҰКП мен екінші деңгейлі банк өкілдерімен кездесу ұйымдастырып отыруды ұсынды. Сол арқылы қызметкерлер баспана және кәсіпкерлікті несиелеу бағдарламалары жайлы хабардар болып отырады.

 Дәл сол күні И.Смирнова Шымкент қаласындағы Техникалық лицей ұжымымен кездесті. Кездесу барысында депутат ұстаздар қауымын «Педагог мәртебесі туралы» Заңды талқылау  мен қабылдау  жұмысына  белсене атсалысуға шақырды. Депутатты жекеменшік мектептерде ұстаздардың біліктілігін арттыру мәселесі қызықтырды. Кейін халық қалаулысы Қызыл жарты ай қоғамы жанындағы «Көмек» дағдарыс орталығында болды. Орталық жетекшісі депутатты өздерінің атқарып отырған қызметтерімен таныстырды.

25 қазан күні Ирина Владимировнаның іс сапары Түркістан облысындағы  Ленгер қаласында жалғасты. Бұл жерде депутат №5 орта мектепте қала тұрғындарымен кездесті.  Кездесуге Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Ғ.Төлепов та қатысты. Президент Жолдауының негізгі тармақтары талқыланғаннан кейін, мектептегі жөндеу жұмыстары, адам басын қаржыландыру және «Педагог мәртебесі туралы» Заңға қатысты сұрақтар талқыға салынды. 

Бұдан соң депутат қалалық ауруханаға барып, медмекеменің әкімшілігімен кездесті. Кездесу барысында депутат ауруханада МРТ және КТ зерттеулерін жүргізетін құралдың және реабилитациялық бөлімнің жоқтығы жайлы  хабардар болды. Аудандық әкімшілік өкілдері депутатты жоғарыда айтылған мәселелер бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр деп сендірді.

ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41ShimkSmirnova 41

Прочитано 25 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.